БҚО Соттар әкімшісі мен КазИИТУ ҒБК өзара ынтымақтастық және серіктестік туралы Меморандумға қол қойды
Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов КазИИТУ ҒБК-мен өзара ынтымақтастық және серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның басты мақсаты - университет студенттеріне өндірістік сабақ өтуіне, экскурссиялар жасауға, оқу-танысу және өндірістік іс-тәжірибелерді облыс соттарында оқу бағдарламасына сай өтуіне ықпал жасау, жас мамандарды жұмыспен қамту, қоғамның әлеуметтік жаңғыртылуы үшін іс-шараларды іске асыру болып табылады.
Шара барысында сөз алған Н.Қажғанов сот жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы баяндап, оқытушылардың және оқушылардың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша ашық сот отырыстарына кедергісіз қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету, оқушылардың оқу-танысу және өндірістік іс-тәжірибелерін облыс соттарында өткізуді ұйымдастыру сынды мәселелер меморандум аясында шешімін тауып отыратынын айтты.
Сонымен қатар, қатысушылар аталған Меморандум қол қоюшы тараптар арасындағы оң жұмыстың бастамасы болатынына сенім білдірді.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]