IТ-қызметтер сотқа қолжетімділікті арттырады
Орал қаласы тұрғындары пайдаланатын IТ-сот жүйесі қызметі түрлерінің бірі бейне-конференц байланыс болып отыр. Азаматтық істер мен материалдарды қарауда қызметтің бұл түріне деген сұраныс жиілеуде. Қашықтықтан отырып өзара байланыс орнатудың барлық процеске қатысушыларға беретін артықшылықтары мол.
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 соты 2019 жылдың 9 айында бейне-конференц байланысын қолданумен 103 сот отырысын өткізді.
Ондағы тараптар Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Нұр-Сұлтан, Семей және Орал қалаларында болып, сотқа тікелей қатысу мүмкіндіктері болмаған. Сот процесіне қашықтан қатысу үшін оларға смартфонда «TrueConf» қосымшасын ортану жеткілікті еді.
Мысалы, сот 1 009 576 теңгеге материалдық залалды өндіру туралы талап бойынша істі қарау барысында Нұр-Сұлтан қаласында болған талап қоюшы «TrueConf» қосымшасы арқылы сотқа қатысты. Виртуалды сот отырысында жауапкер талапты толық мойындады. Сот талапты қанағаттандырды.
Сот ісін жүргізуде бейне-конференц байланысын қолдану уақыт пен қаражатты елеулі үнемдейді, істерді жедел қарауға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Виртуалды сот процестері аумақтық кедергілерді жояды, уақытты және материалдық ресурсты үнемдейді, іс бойынша тараптардың қолайлы қолжетімдігін қамтамасыз етеді.
И.Нургалиева
Орал қаласы №2 соты кеңсесінің бас маманы
[xfvalue_img]