Сот төрелігіне қол жеткізуді жеңілдету
Бейнеконференц байланыс жүйелерін (бұдан әрі - БКБ) пайдалану істерді жедел қарауға және тараптардың сотпен кедергісіз байланыс орнатуына оң әсерін тигізуде. Үстіміздегі жылдың 11-15 ақпанында БҚО үш сотында Бейнеконференц байланыс жүйесімен 12 сот отырысы өткізілді.
Тасқала аудандық сотында Бейнеконференц байланыс жүйесін ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік істерді қараған кезде 2 жағдайда қолданылған. Іс бойынша жәбірленуші жұмыста отырып (әлеуметтік қызметкер) «TrueConf» қосымшасы арқылы куәгерлік берген және сотталған адамның бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру түріндегі жазасына алмастыру туралы пробация қызметінің материалы да «TrueConf» қосымшасымен куәландырылған.
Мамандандырылған әкімшілік сотта «TrueConf» көмегімен 8 әкімшілік іс қаралды. Тараптар Орал қаласы полиция басқармасының ғимаратында болып, бір онлайн-конференцияға қосылу арқылы істің тындалымы жүргізілген.
Орал қаласының №2 сотында бейне конференц байланыс және мен мобильдік қосымшаны пайдаланып, 2 іс қаралды. Жылжымайтын мүлікті тыйымнан босату туралы талап-арызды қарау кезінде жауапкердің Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/11 мекемесінде болуына байланысты қолданылған. «TrueConf» көмегімен 2 100 000 теңге көлемінде материалдық зиянды өтеу туралы ісі сот отырысы жүргізіліп, ЕО 166/16 болған сотталушымен байланыс орнатылды.
Виртуалды сот процестері аумақтық кедергілерді болдырмайды, уақытты және материалдық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жаңашылдықтардың арқасында сот отырыстары тараптардың келмеуіне байланысты басқа күндерге ауыстырылмайды, көп жағдайда істерді қарастыру сол күндерде аяқталады.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]