МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері С.Сисенова мен А.Сарсенова мектеп қабырғасында медиация институтын енгізу бойынша № 17 жалпы білім беретін орта мектебінің «10» сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында білім беру мекемелеріндегі және ата-аналар мен педагог, балалар арасында туындаған дауларды соттан тыс медиация тәртібімен шешу жолдары туралы айтылды.
С.Сисенова өз сөзінде құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету жолдарын іздестіру қазіргі таңдағы өзекті және әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың түрлері, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасауы, олардың жасаған құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік, тараптарды татуластыруда медиацияның басымдылығы және медиатордың рөлі жайлы айтылды.
Сот маманы А.Серсенова жанжалдарды реттеу кезіндегі мектеп медиациясының рөлінің маңыздылығы мен ерекшілігін атап өтті, сонымен қатар «Медиация орталығының» қызметі туралы да айтылды. Кездесу соңында мектеп басшылығына медиация кабинетін ашу туралы ұсыныс келтірілді.
[xfvalue_img]