БАСТЫ НАЗАРДА МЕКТЕП МЕДИАЦИЯСЫ
«Отбасылық сот» жобасы аясында БҚО-ның Татуластыру ортылығында 2019 жылдың 07-09 күндері аралығында мектеп өкілдерінің қатысуымен мектеп медиациясын енгізу мәселелері бойынша үш күндік семинар тренинг өткізілді.Семинарды Облыстық әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» және Татуластыру орталығының жетекшісі Рахишева Алуа жүргізді.Семинар барысында медиатор Нурмаханова Улбазар,орталық психологі Киякбаева Бибигуль және аға кеңесші Жолимова Анара өздерінің баяндамаларын оқып,қойылған сұрақтарға жауап берді.
Семинар әр түрлі білім беру орындарындағы қақтығыстарда,түрлі мекемелерде,педагог және оқушы, педагог және ата-ана арасында туындайтын дауларды медиация тәртібімен шешу туралы практикалық әдістер көрсетіліп,қатысуышлардың бір-бірімен пікір алмасуы арқылы өткізілді.Семинар барысында оқу бейнебаяндар және бейнематериалдар көрсетілді.Медиацияның артықшылықтары мен кезеңдері қорытындыланды.Сонымен қатар диалог форматында пікір алмасу өткізілді.
Семинар соңында қатысушылар мектеп медиациясының мектеп қабырғасындағы қақтығыстарды азайтуға және алдын алуға қолайлы екендігін тұжырымдап, өзара ортақ пікірге келді.
Батыс Қазақстан облысының
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]
28 пікір