«Түнгі сот» - өркениет үлгісі

«Түнгі сот» - өркениет үлгісі

Заманауи технологиялардың даму кезеңінде уақытты дұрыс және тиімді пайдалану – ең маңызды әрі шешуші құралы болып табылады. Бұл сотқа да, әкімшілік процеске қатыстырылған азаматқа да тең дәрежеде қатысы бар. Осыған байланысты, АҚШ, Сингапур мемлекеттерінің озық тәжірибесіне сүйене отырып, Жоғарғы Сотпен «Түнгі сот» пилоттық жобасы іске қосылды. «Түнгі соттарды» құрудағы негізгі идея – азаматтардың сотта қорғалу құқығын ыңғайлы іске асыру және әкімщілік құқық бұзушылықтар іс жүргізу рәсімдерін жеңілдету болып табылады.

         Азаматтарға қолайлы түнгі уақыттарда сот төрелігіне қол жеткізіп, іс өндірісінің уақытын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған сәттен бастап әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан келтірілген залалды өндіріп беруге дейін, демек оның логикалық аяқталуына дейін қысқарту – жобаның басты мақсаты болып табылады.

         «Түнгі сот» - сот ісін жүргізуді жеңілдете түседі. Жоба аясында әкімшілік құқық бұзушылық істер, атап айтқанда отбасылық – тұрмыстық қатынастарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер, қасақана жеңіл дене жарақаттарын салуға, ұрып-соғуға, ұсақ бұзақылыққа, жол қозғалысы ережесін бұзуға қатысты істер кешкі уақыттарда қаралып жатыр. Мұғалжар аудандық соты бұл пилоттық жобаны белсенді жүзеге асыруда.

         Мәселен, қоғамдық пайдалану орнын ластаумен орын алған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс жоба шеңберінде сот отырысы 18.00-ден 22.00 уақыт аралығында кешкі уақытта өткізіледі. Сонымен қатар, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер фактісі бойынша да әкімшілік іс қаралып, істің мәні бойынша, құқық бұзушы алкогольдік масаң күйінде жұбайына балағат сөздер сөйлеген. Тараптар уақыт тығыздығына байланысты істің «Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында қаралуын өтінді. Сонымен қатар, олар өзара татуласып, медиациялық келісім жасасқанына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қысқарту туралы арызбен жүгінді. Соттың қаулысымен әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

          Отбасылық – тұрмыстық қатынастарға қатысты әкімшілік істердегі отбасылық дау бітімгершілікпен реттеліп отырады.

         Мәселен, Мұғалжар аудандық сотымен «Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен ( Отбасы - тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер ) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Істің мәні бойынша, құқық бұзушы алкогольдік масаң күйінде анасына балағат сөздер айтқан. Тараптар бос уақыттың тығыздығына байланысты істің «Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында қаралуын өтінді. Істі қарау барысында татуласқан тараптар медиациялық келісім жасасты. Соттың қаулысымен әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Осылайша, сот істі оперативті түрде қарап қана қоймай, анасы мен баласын татуластырып, отбасылық дауды реттеуге көмектесті.

         Жоба аз ғана уақыттың ішінде шиеленісті ахуалды сейілтіп, жан – жалды жағдайларды азайтуға әсер етіп, өзінің жұмысының тиімділігін көрсетуде.

 

         Мұғалжар аудандық сотының сот отырысының хатшысы А.Аралбаева

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.