Түнгі сот-өркениет үлгісі

Түнгі сот-өркениет үлгісі

Түнгі сот – өркениет үлгісі. Оларды құру тәжірибесі Сингапур, АҚШ және басқа дамыған елдерде бар.

Қазақстанда «Түнгі соттарды» құру идеясы 2018 жылғы ақпанда Жоғарғы Сот делегациясының Сингапурға сапарынан кейін пайда болды. Сапар барысында делегация мүшелері аптасына бірнеше рет жол-көлік оқиғасына қатысты кейінгі шегеруге болмайтын істерді қарайтын түнгі (кешкі) соттардың жұмысымен танысып, тиімді жобаны біздің ел шеңберінде да қолға алу керектігіне көз жеткізіп келген еді. Сөйтіп, өткен жылы мамыр айында Жоғарғы Сот мамандандырылған ауданаралық соттардың  базасында «Түнгі соттар»  құру жобасын қолға алғаны белгілі. Ол әуелі Астана (қазіргі Нұр – Сұлтан) және Алматы қалаларында өткен жұмыс кеңестерінің шеңберінде талқыланып, оған Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың судьялары, прокуратура, ішкі істер, адвокатура, сақтандыру компанияларының өкілдері мен сарапшылар қатысты. Кеңеске қатысушылар мұндай соттарды құру өзекті, әрі қажет деген ортақ пікірге келді.

«Түнгі соттарды» құрудағы негізгі идея – азаматтардың сотта қорғалу құқығын ыңғайлы іске асыру және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған. Жобаның басты мақсаты азаматтарға қолайлы түнгі уақыттарда сот төрелігіне қол жеткізіп, іс өндірісінің уақытын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған сәттен бастап әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан келтірілген залалды өніріп беруге дейін, демек оның логикалық аяқталуына дейін қысқарту болып табылады. Жекелеген мамандар түнгі соттарда көші-қон заңнамасына, қоғамдық тәртіпке, ар-ожданға, сондай-ақ адам құқығына құл сұғуға қатысты құқық бұзушылықтарды да қарауды ұсынды. Жалпы алғанда, Елорда мен Алматы қалаларда өткен талқылаулардың қорытындысы бойынша «Түнгі соттарда» істерді қараудың маңызды факторлары мен негіздемелеріне мыналар жатқызылды: орын алған құқық бұзушылықтың мән-жайларына даудың келтрілмеуі; жасалған құқық бұзушылық үшін кінәнің мойындалуы; тараптардың келтірілген залал мөлшерімен келісуі;   істі «Түнгі сотта» дереу қарау туралы екі тараптың өтінішхаттарының болуы; хаттамаларды толтыру рәсімдерін жеңілдетілгендігі, дәлелдердің тіркелуі және электронды планшетті қолдана отырып, деректердің құқық бұзушының ЖСН нөмірі арқылы жинақталуы; қысқартылған сот ісін жүргізу тәртібін қолданылуы. Жоба аясында әкімшілік құқық бұзушылық істер, атап айтқанда отбасылық-тұрмыстық қатынастарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер, қасақана жеңіл дене жарақаттарын салуға, ұрып-соғуға, ұсақ бұзақылыққа, жол қозғалысы ережесін бұзуға қатысты істер кешкі және түнгі уақыттарда жедел қаралады. Ортақ мүддені көздей отырып сот, прокуратура, полиция бөлімі, адвокаттар және медиаторлар салалық және дербес салалық мүдделерге басымдылықты алып тастап, өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасаса бастады. Шекаралық аймақтардағы соттар меморандумға шекара қызметін де қатыстырып, көші-қон заңнамасын бұзуға қатысты істерді де кешкі мезгілдерде қарауға көшті.

Өңірімізде жоба сот, прокуратура, полиция, адвокаттар алқасы мен медиаторлар одағының арасында жасасылған өзара ынтымақтастық Меморандумына сәйкесті Орал қаласындағы әкімшілік сотының базасында 2018 жылғы 25 мамырдан бері жүзеге асырылуда. Осы Меморандумға сәйкесті Түнгі соттар қоғамдық тәртіп пен  жеке бас құқықтарына нұқсан келтіретін жол қозғалысы Ережелерінің бұзылуына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істердің санаттарын қарайды.

Кешкі уақыттардағы әкімшілік құқық бұзушылық істерді қараудың міндетті шарты әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаның кінәсін толық мойындауы және іс бойынша жинақталған дәлелдемелерге қарсы дау келтірмеуі болып табылады. Аталған шарттар болған жағдайда өкілетті органның қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын толтырған кезде істің аптаның жұмыс күндерінде 18:00 сағаттан 22:00 сағатқа дейін Түнгі сотта қаралуының мүмкіндігі бар екендігін түсіндіреді. Әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысушылар істің Түнгі сотта қаралуына келісімдерін берсе, полиция қызметкері күні мен уақытын көрсете отырып, олардың әкімшілік құқық бұзушылық жасалған сәттен бастан үш тәуліктен қалмай Түнгі сотқа келуі керектігі туралы әкімшілік құқық бұзушылық хаттмасының кесінді талонын толтырады. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған әкімшілік сотында «Түнгі сот» жобасы енгізілгеннен бері жалпы тәртіппен қаралатын әкімшілік істердің саны азайып, судьялардың жүктемесі жеңілдей түсті. Сонымен қатар әкімшілік істердің кешкі мезгілдерде шұғыл қаралуы  күрделірек істердің қаралу сапасының жақсара түсуіне ықпал етті.

«Түнгі сот» кешкілікте жұмыс істейтіндіктен күні бойғы жоспарды бұзып, жұмыстан сұранудың да, басы артық алаңдаудың да қажеті болмай қалды. Бұған қоса, істер бұрынғыдан тез, қысқа мерзімде қаралды. Істерді «Түнгі сотта» қарау тәжірибесін үздіксіз бақылап отырмыз. Жоба енгізілген бастапқы кездерде отбасы-тұрмыстық қатынастарға, ұсақ бұзақылыққа және жол-көлік оқиғаларына қатысты істер қаралды. Күніне орта есппен 5 істен 7 іске дейін қаралып отырылды. Істерді қарау барысында медиация институты кеңінен қолданылып,  отбасы-тұрмыстық қатынастарға қатысты көптеген істер медиация тәртібімен қысқартыла бастады. Қанат қақты жоба жүзеге асырыла бастаған 2018 жылғы 25 мамырдан 29 желтоқсанға дейінгі аралықта Түнгі сотта 415 әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралып, ол бойынша 353 тұлға әкімшілік жауапкершіліктерге тартылып, түрлі әкімшілік шаралар алынды. 58 тұлғаға қатысты іс медиаторлардың қатысуымен қаралып, тараптардың медиативтік келісімге келулеріне байланысты оларға қатысты іс өндірісі қысқартылды.

 «Түнгі сот» жобасы бойынша 2019 жылғы бірінші тоқсанда 187 әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралып, 172 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  15 адамға қатысты іс медиатордардың қатысуымен қаралып, тараптардың келісімге келулеріне байланысты қысқартылып отыр. «Түнгі сотта» қаралған  ішінде жеке бастың құқықтарына қол сұғушылыққа қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар елеулі орын алып отыр. Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 73 бабы бойынша отбасы – тұрмыстық қатынастыр аясындағы әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік жазасы қолданылған 29 іс бойынша 6 адам қамаққа алынып, 23 құқықбұзушыға ескерту жасалды. Медиация бойынша 10 іс қысқартылды.            Отбасында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру әрекетін жасаушылар кездесіп тұрады. Мәселен, Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 73-1-бабы бойынша осындай құқық бұзушылық жасаған 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екі адам айып арқалап, бір құқық бұзушы қамаққа алынды.

Отбасы мүшелерін ұрып – соғып, күш қолданушылар да жоқ емес. Бірақ ондай фактілер бірен – саран ғана. Өткен үш айда бір адам Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 73-2 бабы бойынша қамаққа алынды.

Жоба аясында  қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар да қаралуда. Осындай құқықбұзушылықтарға әкімшілік шаралар қарастырылған 434- бапқа сәйкесті 14 адам қамаққа алынып, 39 құқық бұзушыға айып тағылса, алкогольдік ішімдік iшіп, қоғамдық орындарға масаң күйде келген (440- бап) 3 адам сот тәртібімен қамаққа алынды.

Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, немесе көлікті масаң күйдегі адамның басқаруына бергені үшін айыппұл салудан тұтқынға алып, көлік құқығын жүргізу құқығынан айыруға дейінгі жазалар қарастырылған. Осы жазалар көзделген  608- бап бойынша 3 құқық бұзушы қамаққа алынды.  Ал көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы салдарынан адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының, немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне соқтырған құқықбұзушылық әрекеттер бойынша (610- бап) 72 адамға айып салынып, 3 тұлға арнаулы құқықтан айырылды. 

Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамағаны үшін (611- бап) бір  адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзған (461- бап) бір тұлға ескерту алды.

Сот актiлері мен атқарушылық құжатты орындамаған  (669- бап) 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екеуі қамаққа алынып, біреуіне айып салынды.

Әдетте, құқық бұзушылықтардың көпшілігі, оның ішінде жол-көлік оқиғалары кешкілік уақытта орын алады. «Түнгі сот» жағдайында оқиға салдарын барынша қысқа мерзімнің ішінде жоюға мүмкіндік болады. Сонымен қатар, зақымдалған автокөлік үшін сақтандыру төлемдерін алу рәсімі де оңайлана түсті. Мұның өзі азаматтарға материалдық залалды өтеу бойынша елеулі көмек болып табылады.

Қазіргі кезде «Түнгі сотқа» жол – көлік оқиғаларымен бірге, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар, ұсақ бұзақылық, ұрып-соғу, сот актілерін орындамау және көші-қон заңнамасын бұзу туралы істер бойынша да материалдар түсіп тұрады.

Тәжірибе көрсетіп отырғанындай «Түнгі сот» жобасы оқиға салдарын аз ғана уақыт ішінде дереу жоюға және сот төрелігін азаматтар үшін  ыңғайлы уақытта жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Жоба аз ғана уақыттың ішінде шиеленісті ахуалды сейілтіп,  жанжалды жағдайларды азайтуға әсер етіп, өзінің жұмысының тиімділігін көрсетіп отыр.

 

«Түнгі соттар» азаматтар құқықтарының сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуді жетілдіріп, сот ісін жүргізуді жеделдете және жеңілдете түсері сөзсіз. 

 

                            Марат СИСЕНҒАЛИ

                         Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.