Соттардағы сот төрелігін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ашық есік күні
Соттардағы сот төрелігін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ашық есік күні
2019 жылдың 18 қазан күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында Батыс Қазақстан облыстық сотымен 2019 жылдың 9 айында соттардағы сот төрелігін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ашық есік күні өтті.
Іс-шараға Батыс-Қазақстан облыстық сотының төрағасы, қалалық соттың төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшісінің басшылығы мен бөлім басшылары қатысты. Облыстық соттың төрағасы Б.Әметов шараны аша отырып, өз сөзінде ол сот қызметін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі - сот төрелігінің жеті түйініне тоқталды.
Сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің нәтижелері туралы Орал қаласының №2 сотының, Орал қалалық сотының, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының және Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағалары сот төрелігін жүзеге асыруында оңды өзгерістер бар екенін және кейбір көрсеткіштер жақсарғанын атап сөз сөйледі.
Орал қаласының №2 сотының төрағасы А.Буранбаев сот төрелігін жүзеге асырудың нәтижелері мен көрсеткіштеріне назар аудара отырып, азаматтық істердің маңызды мәселелері туралы баяндады.
Орал қалалық соты төрағасының м.а. Варвара Дмитриенко өз сөзінде Орал қалалық сотымен қаралған қылмыстық істер бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді. Сонымен қатар, 2019 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жақсарту мақсатында сот ісін жүргізудегі әуре-сарсаңға жол бермеуге, істерді жедел қарауға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау аясын кеңейтуге бағытталған жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық шаралары қабылданғанын атап өтті. Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Сисенғали және БҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы М.Сматов сот төрелігін жүзеге асыру бойынша өз баяндамаларын жасады.
Сұрақтардың дені азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы және тағы басқа тақырыпта болды. Сонымен қатар, шығарылған сот актілерімен келіспеу жөнінде сұрақтар қойылып, әрі қарай шағым беру үшін қылмыстық іс жүргізу туралы заң нормалары түсіндірілді. Әрбір қойылған сұраққа заңды түсіндіре отырып, толық жауаптар ұсынылды. Ашық есік күніне келген әр азаматтың сұрағына алқа төрағалары толық түсіндірмелер берді.
Судьялардың халықпен жүздесуі азаматтарға дәйекті жауап алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.
Сот төрағаларымен қатысушылардың қойылған әр сұрақтарына толық әрі жан-жақты заңды жауап берілді.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
12 пікір