БҚО бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы 2019 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өткізді
Облыстық сотта БҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы 2019 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.
Іс-шараға соттар Әкімшісінің орынбасары, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері, соттар Әкімшісінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау, соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету, қаржы, персоналды басқару, талдау және жоспарлау, ақпараттық-қамтамасыз ету және ішкі қауіпсіздік және соттардағы жемқорлықтың алдын-алу бөлімдерінің басшылары қатысты.
Шараны ашқан БҚО бойынша соттар Әкімшісі Нұрлан Қажғанов қатысушыларды кеңестің күн тәртібімен таныстырып өтті.
Кеңесте кадр қызметінің жай-күйі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар, қаржылық және соттардың материалдық-техникалық жағынан камтамасыз етілуі бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қозғалды.
Сонымен қатар, істер бойынша статистикалық мәліметтермен жұмыс істеу жөнінде және жоғары соттардың тапсырмаларын сапалы орындау барысы талқыланды. Сондай-ақ басқада басқада туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары қорытындылады.
Кеңесті қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]