Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында сот жүйесіндегі алдын алу шаралары тақырыбында мемлекеттік және құқыққорғау органдары, сақтандыру компаниялары, жеке сот орындаушылар, нотариустар, еңбек инспекциясы, медиаторлар мен адвокаттардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс шара мақсаты қолданыстағы заңнаманы ортақ талқылау және түсінік қалыптастыру, қоғамдық шиеленістерді азайту, азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол беретін себептерін азайту және жою.
Іс шара барысында қоғамдағы шиеленістерді азайту, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау туралы өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушыларға азаматтардың пайдасына шешілген сот актілері бойынша сараптама жасап, алдағы уақытта құқық бұзушылықтарға жол бермеу тапсырылды.
Алдын алу шараларының маңыздылығы туралы баяндама жасаған сот судьясы Жанар Насырова, азаматтық сот өндірісінде тараптар ретінде біркелкі тұлғалар мен субъектілердің жиі қатысатынын мәлімдеді. Осы алдын ала зерделеу, одан соң ден қою қоғам өмірі мен жалпы мемлекеттің қызметін жақсартуға, сондай-ақ, егер дұрыс және уақытылы әрекет етсе, сот жүйесі органдарындағы жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында сонымен қатар ТҮКШ ЖК АЖ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Қанат Умралиев, жеке сот орындаушы Жангүл Айтқожақова баяндама жасады.
Шара қорытындысы бойынша түйткілді мәселелер талқыланып, барлық қатысушыларға ұсыныстар берілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу, сот жүктемесін азайту мақсатында сотпен тоқсан сайын жиі кездесетін жекелеген істер санаттарын зерделеу жоспарланды.
Олеся Ташимова
Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы
[xfvalue_img]
13 пікір