Ата-ананың бала тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілігі
ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 70 бабына сай, ата-аналар өз баласын тәрбиелеуге міндетті.
Ата-аналар балаларының орта білім алуын, олардың жағдайын және психикалық,физикалық,адамгершілік,рухани жағынан дамуын міндетті түрде қамтамасыз етуі қажет.
Бірақ, кейбір ата-аналар бала тәрбиелеуде өздерінің міндеттерін толық орындамай жатады.
Сонымен, Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен жыл басынан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабының 1 бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау) айыптау туралы 91 әкімшілік іс қаралды.
Оның ішінде 71 іс бойынша әкімшілік жаза қолданған, 20 іс өндірісінен қысқартылған.
Балалардың ата-аналары немесе басқада заңды өкілдері өз қабілеттеріне қарай баланың жан-жақты дамуы үшін қаржылай жағдай жасауға міндетті.
Ж.Утегенова
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі
[xfvalue_img]