Азаматтық сот істеріндегі сот сараптамасы
Орал қаласының №2 сотында сот-психиатриалық сараптаманы тағайындау сұрақтары бойынша семинар өтті. Семинар жұмысына Орал қаласының №2 сотының судьялары, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының Сот сараптамасы орталығының директоры Олжас Дюсенбаев, орталықтың бас сарапшысы Елена Смелова және жетекші сарапшысы Самат Саутов қатысты.
Сот төрағасы Азамат Борамбаев өз сөзінде елдегі құқықтық реформаларды іске асырудағы сындарлы ынтымақтастығы мен көмегі үшін орталық басшылығына және оның сарапшыларына ықыласын білдірді.
Сот-психиатриялық сараптама тағайындау туралы баяндама жасаған судья Сакен Нахипов, азаматтық сөт өндірісінде сот-психиатриялық сараптама мәміле жасаушы тұлғалардың іс-әрекетке қабілетті еместігі туралы және қамқоршысын тағайындау туралы сұрақтарын шешуде тағайындалатынын атап өтті. Ажырасу, ата-ана құқықтарынан айыру туралы істерді қарауда мүгедектік туралы мәселе туындаулары мүмкін. Сонымен қатар, сот-психиатриалық сараптама өткізу қажеттілігі мәміле жарамсыз деп тану туралы істерді қарауда жүргізіледі.
Ашық диалог барысында қатысушылармен сот-психиатриялық сараптама тағайындау мерзімі және сараптамалық қорытындының тілі тәрізді осы бағыттағы сұрақтар көтерілді.
Кездесу соңында тараптар өзара жұмысты жалғастырудың және ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
О.Ташимова
Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы
[xfvalue_img]
15 пікір