Орал қаласының №2 соты «Тіл – әрбір ұлттың тарихы» тақырыбында семинар өткізді
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткен «Тіл – әрбір ұлттың тарихы» тақырыбындағы семинар жұмысына сот мамандары қатысты.
Семинар жұмысын аша отырып, сот кеңсесінің м.а. Гүлжайна Беккалиева өткізіліп отырған шараның өзектілігі мен маңыздылығын айтып, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтіп, күнделікті қаралып жатқан істердің қазақ тілінде қаралуының саны мен сапасын арттыру қажеттілігін атап көрсетті.
Іс шара барысында баяндама оқыған аға сот приставы Уалихан Қайырмұхамбетов, сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолданудың дамуы мен сапасына, сот отырысы қатысушыларының сот ісін жүргізу тілін таңдау құқығының сақталуына көңіл аудартты.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында мемлекеттік тілде азаматтық істерді және материалдарды қараудың санын және сапасын көтеру, мемлекеттік тілде құжаттарды сауатты әзірлеу бойынша мәселелер талқыланды.
Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар пікір алмасудың бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылатынын, дөңгелек үстел барысында көтерілген барлық мәселелер мен қабылданған ұсынымдар алдағы уақытта ескерілетінін көрсетті.
О.К.Ташимова
Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы
[xfvalue_img]