«Сот ісін сот талқылауына дайындау» тақырыбында семинар өтті
Орал қаласының №2 сотында сот істерін сот талқылауына дайындау сұрақтары бойынша семинарлық сабақ өткізілді.
Іс-шараға сот облыстық сотының судьясы, Оқу орталығының үйлестірушісі Ерлан Идиров пен сот құрамы қатысты.
Баяндаушы судья Гүлшат Арыстанова өз сөзінде істерді қарау сапасын көтеру- кешенді шаралардан тұратын сот төрелігін жүзеге асырудың басты міндеті екенін. Сондай-ақ азаматтық істерді қарауға әзірлеу бойынша процессуалдық заң талаптарын дәлме-дәл бұлжытпай және мүлтіксіз орындау соттық істердің заңда көрсетілген мерзімде әрі сапалы қаралуының бір шарты болып табылатынын атап көрсетті.
Семинар барысында істі сот талқылауына дауындау кезінде анықтауға жататын сұрақтар талқыланды.
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]
19 пікір