«Сотта мемлекеттік тіл принциптерінің қолданылуы мен сақталуы» тақырыбында семинар өтті
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотымен «Сотта мемлекеттік тіл принциптерінің қолданылуы мен сақталуы» тақырыбында семинар өтті.
Ісшараға сот мамандары, сонымен қатар облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Света Ганиева қатысты.
Семинар кеңесті сот кеңсесінің бас маманы Гүлжайна Беккалиева ашты. Ол мемлекеттік тілдің дамуы - әр азаматтың, сонымен бірге әр мемлекеттік қызметшінің басты міндеті екендігін атап өтті.
Тілдерді дамыту басқармасының өкілі С.Ганиева өз баяндамасында мемлекеттік тілдің маңызы мен рөлі, мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасының дамуы туралы, еліміздегі барлық мәдениет пен тілдердің еш кедергісіз дамуы және сақталуы өзара түсініспеншілік пен толеранттылықтың арқасы екендігін ерекше атады. Сонымен қатар ол аталмыш бағыттағы болып жатқан жаңашылдықтар мен өзгерістерге де тоқталды.
Семинар-сабақ барысында сот құжаттарын мемлекеттік тілде рәсімделуінде орын алатын мәселелер, жиі кездесетін қателер сөз болды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде іс жүргізудің статистикалық мәліметтері келтірілді.
Қатысушылар талқылау барысында туындаған сұрақтарына жауаптар алып, өзара пікір алмасты.
О.К.Ташимова
Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы
[xfvalue_img]