«Гендерлік саясат» және «Медиация институтын дамыту»
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты «Аналар кеңесі» және «Ана үйі» қоғамдық ұйымдарының қатысуымен «Гендерлік саясат» және «Медиация институтын дамыту» атты тақырыптарында дөңгелек үстел өткізді.
Іс шараға кеңсе меңгерушісі Қ.М.Байғабылов, сот мамандары, қоғамдық ұйымдарының өкілдері А.Ж.Мухсинова және З.З.Шканова қатысты.
Дөңгелек үстелдің «гендерлік саясат» сұрағы аясында негізгі мақсаты гендерлік саясат пен гендерлік теңдіктің негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, ал «медиация институтын дамыту» сұрағының мақсаты – ол екі жақтан туындаған дауларды шешу нәтижесі.
Өз сөзінде бас маман Б.С.Мустафина, гендерлік саясат гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған қоғамдық және мемлекеттік қызмет, сондай – ақ ұлттық гендерлік саясат біздің еліміздегі демократиялық үдерістің ең маңызды негізі екенін атап өтті. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында гендерлік ұғым әйелдердің ғана емес, ер адамдардың да жеке қасиеттерін қорғайтынын атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылармен бірге Қазақстан Республикасында медиацияның дамуы жөнінде сұрақтары талқыланды. Ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстарға қатысты істерді қарау қылмыстық іс жүргізуде медиацияны қолдану саласы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа мемлекеттік басқарма және мемлекеттік қызметке қарсы қылмыстық істерге медиация рәсімі қолданылмайды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша пікір алмасып, туындаған сұрақтарды талқыға салды.
Төраға м.а. Б.А.Ермаханов
[xfvalue_img]