Әйтеке би аудандық сотында «Гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Әйтеке би аудандық сотында «Гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға сот төрағасы А.А.Әбдіров, судья Н.К.Самарханова, ҮЕҰ-ның өкілі К.Ниязов, кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева және сот мамандары қатысты.
Сот төрағасы А.А.Әбдіров өз баяндамасында, қазіргі уақытта Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері гендерлік теңдік қағидаттарын ұстанатынын, гендер сөзінің өзі әйел және ер азаматтардың барлық саладағы теңдігін білдіретінін, гендерлік теңдік- бұл әйелдер мен еркектер арасында ұқсастық пен айырмашылықтар екенін, қазіргі уақытта ерекше назар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күреске аударылып отырғанын, себебі дәл осы мәселеде қоғамдағы гендерлік теңсіздік орын алатынын атап өтті.
Шара соңында қатысушылар дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша пікір алмасып, туындаған сұрақтарды талқыға салды.
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық соты
[xfvalue_img]
21 пікір