Банктік қарыз шарттарынан туындайтын                         дауларда медиацияны қолдану мүмкіндіктері

Банктік қарыз шарттарынан туындайтын дауларда медиацияны қолдану мүмкіндіктері

 

 Ертеректе әділдік іздегендер билерге жүгініп, дауларына төрелік айтуын сұраған.   Бүгінде бұл қызмет әлемдік тәжірибеде «медиация» деген атауға ие. Медиация рәсімі халқымызда ежелден келе жатқан «бас жарылса – бөрік астында, қол сынса – жең ішінде» деген қағидамен алты Алашты ауыздарына қаратқан бітімгер билердің жұмыстарының бір саласы. Қазіргі таңда бітімгер билердің қызметін медиаторлар атқарады.

Медиация дегеніміз -тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі болып табылады.

Америка Құрама Штаттарында 95 пайыз, Ұлыбританияда 87 пайыз,Словенияда 35 пайыз даулар сот талқылауына жетпей шешілетіндігін көрсетті.

Мемлекет басшысының Республика судьяларының VII съезінде берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Жоғарғы Сот пилоттық жобаны іске қосты.

Аталған жоба шеңберінде Алматы аудандық соты 2018 жылдың қараша айынана бастап  мұрагерлік, некені бұзу, мүлікті бөлу, шығару және кондоминиум басқару мәселелері, банктік  және басқа да қарыз шарттарға қатысты, кейбір еңбек даулары және т. б. санаттағы даулар (жанжалдар) бойынша медиацияны міндетті түрде жүргізу  жүзеге асырылып жатыр.

 Пилоттық жоба шеңберінде соттар азаматтар, заңды тұлғалар  арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, сот ғимараттарында ақпараттық стендтер орналастырылып, жергілікті соттардың интернет-ресурстарында пилоттық жобаны іске асыру барысы туралы ақпарат жарияланды. Медиация институтын дамыту бойынша баламалы және өзге де соттан тыс дауларды шешу тәсілдерін, атап айтқанда, қоғамда жанжал денгейін төмендетуге ықпал ететін медиацияны енгізу және дамыту бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруда, тұрғындар арасында сотқа дейінгі іс жүргізу және дауларды (жанжалдарды) соттан тыс реттеу институттары туралы, оларды қолдану артықшылықтары, нотариустың атқару жазбасын жасау арқылы коммуналдық қызмет берешегі сомаларын өндіріп алу рәсімін жеңілдету туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

Алайда сот статистикасына сүйенсек банк ісіне қатысты даулар жиі тіркеліп қаралғанымен, банктік даулар бойынша келісімге келген істердің саны өте аз. Медиация институтының іске асуы даудың бұл саласында  өз деңгейіне жетпей отыр. Оған статистика дәлел. Мысалы Алматы аудандық сотында 2018 жылы Банк ісіне қатысты даулар бойынша 816 іс келіп түскен, соның ішінде 708 шешім, 7 келісім шарт, 19 медиациялық бітімге келген.

2019 жылы 161 іс келіп түскен, шешім -110 , келісім -4, медиация- 8.

Кейбір жағдайда банктік дау орындау барысында келісімге келіп жатады.

Банктік дау бойынша келісімге келмеудің ең  негізгі себебі, банктік кредиттік келісімдерге келу үшін қойылатын талаптар көп. Банк өкілдері, филиалдары  өз бастамасымен келісім бітім жасауға еріктері жоқ.

Оны арнайы кредиттік комиссия шешу керек. Қарыз алушы азамат арыз жазады ол кредиттік комиссияда қаралады. Яғни банктің ішкі процедуралары созылмалы, оны ретке келтіру қажет.  Іс жүзінде кредиттің комиссиясынан бұрын сот шешімі тез шығарылады.

Сонымен қатар, медиация нәтижесінде куәландырылған Банктің дау бойынша келісім шарттардың мазмұнына қарасақ, Банк әр дайын келісім орындалмаған жағдайда проценттің өсімдерді көрсетіп қояды. Қарап отырсаң қайтадан дау туындайды. Келісімге келген медиациялық шарттар бойынша қазіргі кезде орындау қағазы беру мүмкін емес. Себебі өсім бойынша қарыз ақша көбейеді. Келісімде көрсетілмеген қарыз сомасы пайда болады, ол сомаға орындау қағазын жаза алмайсың.

Сондықтан, мұның барлығы тараптарға,  айтарлықтай салмақ салады, реніш тудырады, Бұл ретте, мұндай істерді  сот деңгейінде қарамас үшін Ұлттық банк пен барлық банктердің басын қосып, ортақ келісімге келу керек. Яғни келісім шарт бойнша несие өсімін азайту,  қазіргі енгізілген өзгерістерге сай, 90 күнннен астырмай, қарызды өндіру амалдарын жүргізу қажет. Соның ішінде нотариустың атқару жазбасын жасау арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет, аз қарыз мөлшерлері бойынша медиациялық келісімге келуді, банк аясынан шықпай жатып қарастыру керек, кредиттік келісім шарттарда алдын ала банктік дауды қарастыру шарттарын енгізу қажет.

Сонымен қатар,  несие алушы азаматтар бұл салада өздерінің белсенділігін арттыру қажет. Ол үшін, менің қарыз ақшамды қашан сотқа береді екен деп, күтіп жатпай, алдын ала банк өкілдеріне, медиатрлармен осы дауды сотқа жеткізбей, мүмкіндігі болғанша өсім ақшаның мөлшерін азайту, жағдайын түсіндіріп, орындау мерзімін кейінге қалдыру туралы келісімдер жүргізсе, дау бойынша қандайда бір мәмлеге келер еді. Мұның өзі қарапайым жұртқа қолайлы. Себебі, кейбір азаматтар сот шақырды десе  төбе шаштары тік тұрады, көңілдеріне алып   қайғы- мұңға түседі. Сонымен қатар, сотқа талап арыз түскеннен бастап, азаматтардың жеке мүліктеріне, есеп шоттарына, шет елге шығуға тиым санына бастайды. Осының бәрін алдын алу үшін, банктік қарызды уақытында төлеу қиындығы туындағанда  медиация тәртібімен шешу ең қолайлы жағдай болары айдан-анық.

 Айта берсек, медиация тәртібімен қараудың оң, жағымды тұстары өте көп. Демек, осы Заңмен берілген мүмкіншіліктерді іс жүзінде қолдану арқылы ғана, оның қолайлығы мен тиімділігін байқауға болатындығын атап өту қажет.

 

Алматы аудандық сотының судьясы   

Б.Д.Бияхметова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

22 пікір

  1. аватар
    Craig 23 августа 2024 16:34

    карта таро паж посохов значение, паж жезлов отношения
    как чему снятся
    грязные штаны
    сделать так чтобы
    присниться мужчине к чему снится когда
    горят вещи
    тигры китайский гороскоп даты почему козерог такой
    жадный

  2. аватар
    Bradly 6 сентября 2024 13:00

    барий химиялық қасиеті, радий физикалық
    қасиеттері молдир ауелбекова туған ел слушать, туган ел скачать
    mp3 минусовка 1 типті қант диабеті, қант диабеті нормасы к чему снятся белые ботинки, к чему снится новая обувь женщине

    my web site: ұлттық
    мерекелер презентация

  3. аватар
    Dylan 17 сентября 2024 23:33

    жолаушыларды тасымалдау шарты, жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау ережелері физика 7 сынып, физика такырыптары магазин
    шерлок симферополь, чапман
    сигареты алматы цена bereke bank online, bereke bank kz

    Also visit my site ... менің кінәм жоқ 1 бөлім

  4. аватар
    Olive 23 октября 2024 21:49

    Woah! I'm really enjoying the template/theme of this website.
    It's simple, yet effective. A lot of times it's very difficult to get that "perfect balance" between user friendliness and visual
    appeal. I must say you've done a fantastic job
    with this. Additionally, the blog loads extremely quick for me on Firefox.

    Exceptional Blog!

    Feel free to visit my homepage :: https://latitudo.org:443/bitrix/redirect.php?goto=http://protestants-epuf-courb
    .fr

  5. аватар
    Marla 26 октября 2024 09:05

    курсы повышения квалификации бухгалтеров рк, школа бухгалтеров
    жүректі тазалау, тазарту дугасы заң орындары, білім туралы
    заң 30 бап погода в барнауле на
    месяц яндекс, погода в барнауле на 14 дней

    Look at my web blog бақыт іздеушілер ертегісі

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.