Базалық сотта «Процессуалдық мерзімдер» тақырыбында семинар-сабақ өтті
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында «Процессуалдық мерзімдер» тақырыбында сот төрағасының міндетін атқарушы судья Флора Сапарованың төрағалығымен өткен семинар-сабақ сот судьяларына арналды.
Ісшара барысында процессуалдық мерзімдер, мерзімдердің сақталуы мен ұзартылуын зерделеу бойынша, сонымен қатар мерзімін өткізіп алу және оны қайта қалпына келтіру туралы сот судьясы Салтанат Курманбаеваның баяндамасы жасалды.
Өз баяндамасында ол процессуалдық мерзімдердің азаматтық сот өнідірісінде маңызды рөл атқаратынын, сот актілерінің заңдылығына әсер ететінін, азаматтық істерді дұрыс және уақтылы қарауға және шешуге бағытталған бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғайтынын атап өтті.
Іс шара соңында қатысушылар талқылау барысында туындаған сұрақтарына жауаптар алып, өзара пікір алмасты.
О.Ташимова
Орал қаласының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы
[xfvalue_img]