Облыстық сотта медиация бөлмесі ашылды
Облыстық сотта «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасын іске асыру аясында медиация кабинеті ашылды.
Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағаның м.а. Қайрат Адранов БҚО соттар Әкімшісінің басшы м.а. Шынар Тұңғатарова, облыстық соттың судьялары мен және мамандары қатысты.
Медиация бөлмесі медиацияны қолдану мен оның артықшылықтары туралы қажетті ақпараттық материалдармен, ұйымдастырушылық техника және жайлы жиһазбен жабдықталған.
Сөз сөйлей отырып, Қ.Адранов қолайлы жағдайлар конструктивті диалог жүргізуге және кез-келген дауды жылдам және бейбіт жолмен шешуге ықпал ететінін атап өтті. «Кейбір күнделікті тұрмыстық мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін, тыңдай білу және тілдесу, еркін отырып сөйлесу, мәдениетті әрі сыпайы болған жеткілікті», - деді ол.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
8 пікір