Істі апелляциялық сатыда қарау барысындағы медиация

Істі апелляциялық сатыда қарау барысындағы медиация

 Батыс Қазақстан облысының соттарында азаматтық дауларды бейбіт жолмен шешу және қоғамдағы қақтығыстарды қысқарту мақсатында сотта және соттан тыс тәртіпте де медиацияны кеңінен қолдануға бағытталған шаралар қабылдануда. Облыстық соттың бастамасы бойынша құрылған БҚО Медиаторлар Ассоциациясымен тығыз жұмыс жүргізілуде, сондай-ақ, Орал қаласында Татуластыру Орталығын ашу жоспарланып отыр. Орал қаласының № 2 сотында және БҚО МАЭС-та дау түпкілікті шешілгенге дейін тараптарды татуластыру бойынша негізгі ауыртпалықты көтеретін  татуластырушы-судьялар жұмыс жасап келеді. 2019 жылғы 1 сәуірден бастап Батыс Қазақстан облыстық сотымен  бастамасымен медиацияны апелляциялық саты деңгейінде белсенді қолдану бойынша қарқынды жұмыс жүргізу қолға алынды. Аптаның белгілі бір күні (әр аптаның жұма күні түске дейін) апелляциялық тәртіппен қарауға түскен азаматтық істер бойынша азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары тараптармен дауды бейбіт жолмен реттеу бойынша жұмыс жүргізеді. Мәселен, тек сәуір айында медиацияны қолдану мүмкіндігін талқылауға дайындық үшін облыстық соттың судьяларына ұсынылған 19 азаматтық істен 8 іс бойынша іс жүргізу тараптардың өзара келісімге келулеріне байланысты аяқталды. Мысал ретінде Орал қаласының №2 сотымен қаралған А. есімді азаматтың жұмысқа қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген уақытына жалақыны өндіру туралы ЖШС-ға қатысты азаматтық ісі бойынша талап арызды толық көлемде қанағаттандырудан бас тарту туралы шешіммен аяқталғанын келтіруге болады. Алайда, апелляциялық сатыда істі қайта қарауда облыстық сот судьясы тараптармен дауды бейбіт жолмен шешу бойынша әңгімелесу жүргізу барысында жұмыс беруші ЖШС-і талаптың негізділігімен ішінара келісті және қызметкерге ақшалай өтемақыны қайтарып, бұдан кейін тараптар дауды шешуде медиациялық келісімге келді. Нәтижесінде азаматтық-құқықтық дау сот өндірісінің аппеляциялық сатысында шешілді. Осылайша, аталған  жұмыстың нәтижесі өзінің тиімділігін көрсетуде.  

 Қанатбаева Н

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-баспасөз қызметінің маманы

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.