Мұғалжар аудандық сотында сот ғимаратындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша кездесу өтті
Мұғалжар аудандық сотының төрағасы А.Анарбаев мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының взвод командирі көмекшісі Е.Ержановпен «Аудандық сот ғимаратындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кіру есебін бақылау жүйесін пайдалану» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуді өткізудің мақсаты - күзет қызметкерлерінің қырағылын күшейту, сотта кіру есебін бақылау жүйесін пайдалану және рұқсатнамалық тәртіпті қатаң сақтау.
Іс-шара барысында төраға өткізу режимі бөтен тұлғалардың сот ғимаратына кіруін болдырмау, келушілерге рұқсатсыз сот ғимаратына, шақырылған тұлғалардан басқа бөгде тұлғалардың кіруін болдырмау, сондай-ақ судьялардың, қызметкерлердің және сотқа келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленетіндігін еске салды.
Кездесу қатысушылары өткізу режимін қамтамасыз ету барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.
О.Кулбатырова
Мұғалжар аудандық сотының сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]