Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою - баршамыздың парызымыз

Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою - баршамыздың парызымыз

 

Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі қауіпті білдіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды, сыртқы және ішкі нарықтардағы бәсекелестікке нұқсан келтіріп, ұлттық экономикаға жағымсыз әсер етеді. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Осыған байланысты елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ел алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың белсенді саясатын жалғастыру міндеті тұр. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен ғана қарсы тұру сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша төмендетуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекет саясатының аса маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясат жүргізу үшін біздің мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нормативтік-құқықтық базасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қалыптасқан тәжірибесі бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жандандыру үшін халық тұрмысын жоғары деңгейге көтеру, қолданыстағы заңнаманы халықаралық стандарттар деңгейіне дейін жетілдіру, мемлекеттік институттардың азаматтық қоғаммен ынтымақтастығын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру секілді нақты міндеттер жүзеге асыру керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін тек құқық қорғау органдары ғана емес, бұл дертпен қоғам болып күреспесек, толық айығу мүмкін емес. Еліміздің зайырлы, дамыған мемлекеттердің қатарына ену үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейте түсуіміз қажет. Құқық бұзушылыққа, жемқорлыққа тосқауыл қою баршамыздың парызымыз. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жояды, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор.  Олай болса қоғам, оның әр мүшесі болып жемқорлықпен ашық күрес жүргізуіміз керек.

 

Қайырмұхамбетов У.

Орал қаласының №2 сотының аға сот приставы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.