«Сот төрелігінің «Жеті-тасы»  Сот жүйесінің одан әрі даму мүмкіндіктерін іске асыру.

«Сот төрелігінің «Жеті-тасы» Сот жүйесінің одан әрі даму мүмкіндіктерін іске асыру.

 

Соңғы жылдары мемлекетіміздің сот жүйесінде үлкен қарқынмен реформалар жүргізілуде.

Реформаның басты мақсаты сот жүйесінің азаматтарға деген ашықтығы, судьялардың азаматтардың алдында ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сот жүйесін оңтайландыру.

Мемлекетіміздің Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов 26.01.2018 жылы 2017 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген кеңейтілген кеңесте сот жүйесінің одан әрі даму мүмкіндіктеріне қатысты «Сот төрелігінің «Жеті тасы» жобасын ұсынған болатын.

Сондағы бірінші тас – әділдік.

Екінші тас – жауапкершілік.

Үшінші тас – сот төрелігінің тиімділігі.

Төртінші тас - әкімшілік әділет.

Бесінші тас – тергеу судьясы.

Алтыншы тас – судьялардың құзыреттілігі.

Жетінші тас – цифрлау.

«Өзекті проблемаларға талдау жасау негізінде біз одан әрі дамудың жеті басым бағыты – «Сот төрелігінің жеті түйінін» анықтау барысында, негізгі бағыттарға бет бұруымыз қажет.  Олар соттарға сенімді арттыра түсуге және сот төрелігінің әділеттілігін, оның жауапкершілігі мен тәуелсіздігін, сот шешімдерінің жоғары сапасы мен судьялардың біліктілігін арттыру арқылы құқық үстемдігін қамтамасыз ету.  Сонымен қатар соттардағы цифрландыру үрдісі, медиацияны дамыту, азаматтық сот төрелігін жетілдіру мен сот шешімдерінің құқықтық айқындылық деңгейін жетілдіру, «Түнгі сот», «Отбасылық сот», «Виртуалды сот» пилоттық жобалардың осы «Сот төрелігінің «Жеті тасы» жобасының қазіргі таңда іске асырылып жатқандығын көріп отырмыз.

Сонымен қатар, халықтың сот жүйесіне деген сенімін жетілдіру деңгейін айқындайтын жеті стратегиялық бағыттың маңызды бөлігі болып келеді. Сыбайлас жемқорлықтан арылу үшін, біріншіден сананы өзгерту және оған төзімсіздік мәдениетін қалыптастыру керектігіне тоқталып, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту мен судьялардың кәсіби деңгейін арттыру бағытында атқарылуы тиіс. Сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру басты міндет болып.

Сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін бүгінгі күннің талабы.  Кейінгі жылдары сот саласында кеңінен қолданыстағы «Сот кабинеті, «Төрелік», «Талдау форумы», «Ахуалдық орталық», АВФ,ВКС ақпараттық сервистері, электронды сенімхат, мемлекеттік баж салығын төлеу функциялары, «Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясындаҰлт жоспары – «100 нақты қадам» жобасы бойынша сот жүйесінде ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып өзінің мақсатына жетті деп айтсақ қателеспейміз.

      Елбасының тапсырмасына орай сот жүйесін дамыту, жаңғырту үшін ІТ технологиялар кеңінен қолданылып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен негізгі басымдықдарды анықталып, нақты мақсаттар қойылған. Ол мақсат «Сот төрелігінің «Жеті тасы» атауымен іске қосылды. Сот саласындағы елеулі өзгерістерді азаматтар қазіргі таңда куәгер болып отыр. Биылдан бастап бірқатар сот процестері электронды форматта да өтуде. Былтыр Жоғарғы сот пен Бас прокуратураның бірлескен «Заңдылық» ақпараттық-талдау жүйесін қалыптастыру жобасы жақсы нәтижеге жеткізді. «Заңдылық» қылмыстық сот төрелігінің ашықтығын, сапасын арттыруға, тиімсіз құжат айналымының және қылмыстық істерді тергеуде, сотта қарау кезінде заңның бұзылуына байланысты қатысушылардың шағымдарын төмендету үшін жасалуда. Сот саласындағы әрбір реформа азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғауға бағытталған» сол бүгінгі күнде негізгі мақсат болып отыр.

ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов ел судьяларына жаңа міндеттер мен маңызды жауапкершіліктер жүктеу кезінде, соңғы көрсеткіштерді ескеріп, сот саласындағы оңды өзгерістердің орын алып жатқанын айқындап жасап отыр.

Халық қызметінде жүрген кез келген мемлекеттік қызметкер ең алдымен ісінің халық игілігі үшін  атқарылып жатқанын сезінеді. Бұл жауапкершілік әрбір судьяны әділетті шешім шығаруға, қолжетімді және ашық болуға үндейді. Елдің кемел, рухани жаңғырған мемлекетке айналуы үшін халқының жан-жақты сауатты, білімді болғаны маңызды. Сот ашықтығы мен қолжетімділігі осы жолда жасалған ұтымды қадамдардың бірі.

Сонымен қатар,  судьялардың сауаттылығын арттыру, сот шешімдерінің ұғынықтылығын талап ету мақсатында, 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аудандық, қалалық судьяларға қойылатын жаңа нормативтік талаптар күшіне енді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2018 жылғы «29» тамыздағы № 6001-18-7-4/172 өкімімен бекітілген, сот актілерін жасауға және ресімдеуге жаңа талаптар қойылды, яғни үкімдер, қаулылар, шешімдер жаңа форматта жасалатын болды, бұл да «Сот төрелігінің «Жеті тасы» жобасының бір бөлігі ретінде саналады. Бұның негізгі мақсаты қарапайым шешімдер мен үкімдер халыққа түсінікті болу керек, мазмұны бойынша оңай, жеңіл, түсінікті тілмен жазылуы тиіс.    

ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов ұсынған «Сот төрелігінің «Жеті 7 тасы» жобасы, халықтың сот жүйесіне деген сенімін жетілдіру деңгейін айқындайтын жеті стратегиялық бағыттың маңыздылығы артыратыны сөзсіз. Судьялар корпусын тек қана жаңа белестер күтіп тұр. Алдағы келер міндеттерге Ел басымыз судьяларға үлкен жауапкершілік пен зор міндет жүктеді, соны біз ақтауымыз қажет!

 

Б.Карабаев

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.