Орал қаласының №2 сотында кеңсе меңгерушісі студенттерге арналған таныстырылым өткізді
«Ашық есік күні» аясында Орал қаласының №2 соты Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы Батыс Қазақстан облыстық колледжінің студенттеріне сот жүйесіндегі жаңа электрондық технологиялардың таныстырылымын және сот қызметі туралы ақпараттандыруды ұйымдастырды.
Танысу қонақтардың ресми кездесуінен басталды. ҚР Жоғарғы Сотымен енгізілген барлық жаңалықтар, бітімгершілік рәсімдер және халыққа сот қызметтерін ұсынудың жаңа тәсілдері туралы кеңсе меңгерушісі Ринат Әділгерей айтып берді.
Қонақтар жаңа фронт-офисте, медиация бөлмесінде, күту және сот отырыс залдарында болды, дыбыс-бейнежазба жүйесінің жұмысымен танысты.
Қонақтарға тараптардың мобильді қосымша арқылы сотқа қатысуы мүмкіндіктері үлкен әсер берді.
Сонымен қатар, сотпен қаралатын істердің санаттары, медиация және бітімгершілік рәсімдерін қолдану және олардың артықшылықтары туралы толық ақпарат берілді.
Кездесу соңында қатысушылар сот жұмысымен танысу мүмкіндігі үшін алғыс білдіріп, естелік фотосуреттер жасалды.
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]