Мұғалжар аудандық сотының қызметкерлері оқушылармен кездесу өткізді

Мұғалжар аудандық сотының қызметкерлері оқушылармен кездесу өткізді

Мұғалжар  аудандық сотының судьясы Н.Е.Кендирбаева, кеңсе меңгеруші м.а А.С.Сатканбаева, аға сот приставы Б.А.Баимбетов  Қандыағаш  қаласы №2 орта мектебінің оқушыларымен және ұстаздарымен  кездесу өткізді.

Кездесуде судья Н.Е.Кендирбаева Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясындағы сот жүйесіндегі өзгерістерге ерекше мән берді. Ол АПК және ҚПК, Судья әдебі кодексі нормалары ережелеріне, алқабилер сотын қолдану аясын кеңейту, оңайлатылған іс жүргізу, судьялық қызметке үміткерлерді іріктеу механизмі мен біліктілік талаптарының күшейтілуіне тоқталды.

Сонымен қатар, судья  Жоғарғы Сотпен 2017 жылдың қантар айында әзірленген даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотка дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық  жоба туралы айтып берді.

 Қатысушыларға  медиацияның көмегімен шешілген іс санаттары бойынша мысалдар келтірілді. Сондай-ақ, екі жақпен жазбаша нысанда медиациялық келісім жасалатындығы, келісімде медиация тараптары, даудың (жанжалдың) нысанасы, татуластыру рәсімдегі жүзеге асыратын медиатор туралы деректер, сондай-ақ тараптар келіскен келісімнің шарттары, оларды орындаудың тәсілдері мен мерзімдері, медиацияның құпиялылығы туралы тараптардың міндеттемелері және оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдары қамтылатындығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, кеңсе меңгеруші м.а А.С.Сатканбаева  тыңдаушыларға сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар жайында, сот отырыстарында аудио-бейнежазба құралдарының қолданылатынын, барлық сот отырысы залдарының аудио-бейнежазба құралдарымен қамтылғандығын хабарлады. Ол жаңа ақпараттық технологияларды қолдану сот ісін жеңілдетуге, уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік бергендігін, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар талқыланған мәселеге қатысты өз пікірлерін ортаға салып, мемлекеттік қызмет пен сот жүйесінің жұмысына қатысты қойылған сұрақтарына толық жауаптар алды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.