Оралда Билер Одағы құрылды

Оралда Билер Одағы құрылды

Оралда Батыс Қазақстан облыстық сотының ұйымдастыруымен  «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша бастамашыл топтың «Батыс Қазақстан облысының Билер Одағы» Қоғамдық бірлестігін құру мәселелері жөнінде құрылтайшы жиыны өтті.

Іс-шараны ашқан облыстық сот төрағасы Бек Әметов Қазақстанның сот жүйесіндегі дәстүрлі қазақ қоғамы татуластыруды көздейтінін атап өтті.   

 Көшпелі қазақ қоғамында ең маңызды мәселелерді шешетін органдардың бірі болған Билер Кеңестері облысымыздың барлық аудандарында және қала маңындағы ауылдық округтерінде құрылған. Олардың араласуымен көптеген дау шешімін тауып отыр. Ендігі уақытта, облысымызда құрылған барлық Билер Кеңестерінің жұмысын тиісті деңгейде үйлестіру қажеттілігі туындады. Сол себепті «Батыс Қазақстан облысының Билер Одағы» қоғамдық бірлестігін құрушы бастамашыл топтың құрылтайшы жиынын («Батыс Қазақстан облысының Билер Одағы» Қоғамдық Бірлестігінің Жалпы жиналысын) өткізу мақсатында жиналып отырмыз. Бұл игі бастама азаматтар үшін де, сот органдары үшін де тиімді, жалпы ел ішіндегі дауласушылық деңгейін азайтуға одан әрі ықпал етіп жатқанына сеніміміз мол, - деді төраға өз сөзінде.

Шараға қалалық, аудандық билер кеңесінің, Әділет департаментінің өкілдері, облыстық сот судьялары, доғарыстағы судьялар, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері және бұқаралық ақпараттық құралдары өкілдері қатысты. Жиын барысында қатысушылар «Билер Одағын»  құру мәселелерін талқылады.

Құрылтайшы жиында бірауыздан бастамашыл топ өкілдерімен Билер Одағының басқарушы органының төрағалығына Асқар Атаев, хатшылығына Қалиолла Мұқанов сайланды. Сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктің Жарғысы бекітілді.

«Батыс Қазақстан облысының Билер Одағы» Қоғамдық Бірлестігін құрудағы мақсат - облысымызда құрылған барлық Билер Кеңестерінің жұмысын тиісті деңгейде үйлестіру, медиация институтын біріктіру, қазақ билер соты институтын жаңғырту, сот жүйесіне деген азаматтардың сенімін арттыруда көздеген мақсаты мен міндеттеріне жету болып табылады.

Шара соңында бастамашыл топ өкілдері облыстық сот пен оның басшылығына осындай игі істі ұйымдастырып, қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдіріп, «Билер Одағын»  жұмысын формальді сипатта ғана қалдырмай, аталған жоба шеңберінде белсенді жұмыс атқаратындарына сендірді.

Бұрынғы заманда бидің бірауыз сөзімен дау-жанжалдар тоқтаған, ел татуласқан. Сол деңгейге жетпегенмен, халықтың арасында қызмет жасауға ынталымыз, - деді Қалиолла Мұқанов.

 

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.