«Қазіргі қоғам тарихтан үйренуі, қоғамдағы дауласушылық деңгейді төмендетуде дәстүрлі әдістерін қолдануға тиіс»
«Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын жүзеге асыру мақсатында Судьялар Одағының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Билер кеңесі туралы ереже жобасын дайындады. Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында жоба Батыс Қазақстан облысының әкімінің шешімімен мақұлданды. Ережемен Билер кеңесінің негізгі міндеттері, құру тәртібі, Билер кеңесінің қызметін ұйымдастыру және қызметінің тоқтатылуы туралы мәселелер реттелген.
Ережеге сәйкес Билер кеңесі – бұл қазақ билерінің дәстүрін жаңғырту, дауласушылық деңгейін төмендету, құқық бұзушылыққа төзбеушілік пен оның алдын-алу мәселелері бойынша, салт, ғұрып, озық дәстүрлерді сақтау жөніндегі ауылдық, аудандық, қалалық әкім жанындағы кеңесші орган болып табылады. Батыс Қазақстан облысының 10 ауданында Билер кеңестері құрылып, 95 ауылдық округте өз жұмыстарын бастады. Бүгінгі күні билер кеңестерімен 20-дан астам дау қаралып, шешімін тапты. Мысалы, Казталов ауылдық округіндегі билер кеңесінің құрамы 7 адамнан құралған. Өткен жылы олар экологиялық мәселеге байланысты дауды шешті. Мәселе көлге суды түсіру кезінде каналдың жолы шаруа қожалықтарының жерлерінен өтіп, ауыл тұрғындары мен шаруашылық басшылары арасында түсініспеушілік пайда болғаннан туындады. Дау сотқа жетпей реттелді. Жалпақтал мен Көктерек ауылдық округтерінің билер кеңесі үй жануарын басқа тұлғаның заңсыз иеленуінен алдырту, берешекті өндіру және жер учаскесін бөлуге байланысты 3 даулы реттеді. Тараптар Жалпақтал ауылдық округінің Билер кеңесіне жүгінудің нәтижесінде даулар сотқа жетпей шешімін тапты. Бөкейорда ауданының 7 ауылдық округінде билер кеңесі құрылып, олармен 8 дау реттелді, оның ішінде 2-і берешекті өндіру туралы, әр түрлі жағдайлар бойынша жақын туыстар арасындағы 5 отбасылық дау, көршілер арасындағы жапсарлас жер учаскесіне қатысты 1 дау. Жаңақала ауданының билер кеңесі 5 даулы мәселені реттеді. Даудың бірі шаруа қожалығы мен жергілікті тұрғынның арасында орын алған. Шаруа қожалығы азамат Б.дан өзінің иелігіндегі жайылым жерлерінен жауапкердің малын шығаруды талап етті. Судья тараптарға билер кеңесіне жүгіну арқылы дауды шешу мүмкіндігін түсіндірді. Нәтижесінде, талапкерден талап арызды өзіне қайтару туралы арыз түсті. Аудандық соттарда өткен қорытынды мәжілістерде Кеңес мүшелері өздерінің қызметтерін жүзеге асырудың іс жүзіндегі тиімділігін, яғни бұл қызметті жүзеге асыру барысында тұрғындар арасында адами қарым-қатынастарды сақтап, әлеуметтік шиеліністерді болдырмауға септігін тиігізетінін атап өтті. Бекітілген Ереже билер кеңесінің жұмысына жаңа серпін береді деп күтілуде.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]
26 пікір