Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында процессуальды емес қатынастарды болдырмау.
Сот төрелігін жөнелту барысында процессуалды емес қатынастардың орын алуын болдырмау сот төрелігінің заң талаптарына жүзеге асырылуының кепілі болып табылады. Сот ісін жүргізу барысында процессуады емес қатынастардың орын алуы сыбайлас жемқорлық фактілерінің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Қазақстан Республикасы судьялық әдеп кодексінің 4 бабына сәйкес: Судьяның соттан тыс жердегі жүріп-тұруы, оның процеске қатысушылармен өзара қарым-қатынасы соттың тәуелсіздігі туралы қоғамның сенімділігін сақтауға ықпал етуге тиіс.
Судья нақты сот ісі бойынша іске қатысушы адамдармен, олардың өкілдерімен, прокурормен, адвокатпен, өзге де мүдделі адамдармен процестік және өзге де заңнамада көзделмеген кез келген қарым-қатынас деп түсінілетін процестік емес байланыстарды, егер осы іс-әрекеттер судьяның объективтілігіне және бейтараптылығына негізделген күмәннің туындауына алып келуі мүмкін болса, болдырмауға тиіс."
Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың соның ішінде процессуалды емес қатынастардың алдын-алу мақсатында ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімдері құрылған. Олардың басты мақсаттарының бірі болып сот төрелігін жөнелту барысында сыбайлас жемқорлықты алын алу болып табылады. Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, процессуалды емес қатыныстарды болдырмау сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тікелей шарасы екендігіне көз жеткізуімізге болады.
Сонымен қатар, сот мамандары мемлекеттік қызметкерлер санатына жататындықтан, жоғарыда аталған заңдардың талаптарын қатан сақтау, мемлекеттік қызмет атына кір келтірмеу қажеттігін, процессуалды емес қарым қатынастарға бармауды, өз қызметтерін тек заң және жұмысты реттейтін ішкі нормативтік құжаттарға сүйене отырып жүзеге асыру олардың тікелей міндеттері болып саналады.
Д.Мыңбай
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының бас-маман сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]