БҚО бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-мен Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды
Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов пен М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің ректоры Нұрлан Серғалиев тиімді әрі нәтижелі іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Шараға ЖОО-ның заң факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Іс-шара аясында тараптар өзара ынтымақтастық салаларын анықтады. Оның ішінде - бірлескен оқу-білім, тәжірибеден өту бағдарламаларын іске асыру, өзара ынтымақтастық аясында іс-шараларды жобалау бар. Тараптар өкілдерінің ғылыми-әдістемелік семинарларда, конференцияларда және басқа да ауқымды іс-шараларда қатысуымен тәжірибе алмасуы көзделіп отыр.
Н.Қажғанов судьяларды сот мамандарынан іріктеп алу, болашақ судьялар мен сот қызметкерлерін даярлау мәселесіне ерекше назар аударды. Сол себептен меморандумға қол қою білікті маман даярлаудағы маңызды қадам болып табылады. Осылайша студенттердің оқу және өндірістік тәжірибесін өту барысында болашақ сот жүйесінің мамандарын кәсіпке деген шын берілгендік рухында даярлап және дайындық дәрежесін айқындау мүмкіндігі артады.
Іс-шара қорытындысында ректор Н.Серғалиев облыс соттарының басшылығына жас маман кадрларды даярлауға үлес қосуға ниет танытқаны үшін алғысын білдірді.
Қанатбаева Н
Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-баспасөз қызметінің маманы
[xfvalue_img]
2 пікір