Облыстық сот қызметкерлері «Біз қылмысқа қарсымыз» атты жастар арасындағы жеңілатлетикалық жүгіріске қатысып, жеңіске жетті

Облыстық сот қызметкерлері «Біз қылмысқа қарсымыз» атты жастар арасындағы жеңілатлетикалық жүгіріске қатысып, жеңіске жетті

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, Тараз қаласы әкімдігі, Жамбыл  облыстық білім басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлесуімен Тараз қаласы жастарының арасында «Біз қылмысқа қарсымыз» атты жеңіл атлетикалық жүгірісі өткізілді.

          Спорттық іс-шара жас ұрпақтың мәдениетін, тәрбиелі және салауатты өмір сүруін қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды дене шынықтыру және спортқа  жүйелі түрде шұғылдануға тарту,кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыстар мен құқықбұзушылық әрекеттерін алдын алу жөнінде тиісті жұмыстарына бағытталған.

         Іс-шараны ювеналдық соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев салттанатты түрде  ашып, Қазақстан Республикасы бірінші Президентінің 2018 жылғы  5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл - жастар жылы деп белгіленін айтты. Бірінші байлық –денсаулық, осы баға жетпес қазынаны сақтау – әрбір адамның басты міндеті болып табылады. Атақты дәрігер Н.Амосов «Дәрігерлер ауруды емдейді,  ал денсаулыққа өзін қарауын керек» - деп айтқан болатын. Бұл мәселеге Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановта салауатты өмір салтын сақтауға терең мән беруде деді- ол.

     Төраға ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жастар арасындағы қылмыс бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып, барлық қатысушыларды салауатты өмір салтын сақтауға шақырып, марафон мақсатын түсіндіріп өтті.

      Ары қарай, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай,  бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту идеясын қолдап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

      Сондай-ақ, жеңіл атлетикалық жүгірістің қатысушылары 14 жастан 18 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар,  18 жастан 29 жас аралығындағы қыздар ұлдар болып, төрт топқа бөлінді.

      Марафонның ұзақтығы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атындағы саябағынан  – «Жастар» алеясына  дейін 2,4 шақырымды құрады. Марапаттау рәсімі мен мәресі  «Жастар» алеясында өтті.

      Екі топта өнер көрсеткен соттың мамандарды бар күштерін салып, бірінші келуге тырысты.

     18 жастан 29 жас аралығындағы  қыздар арасында Жамбыл облыстық сотының маманы Жанерке Байтасова бірінші орынды иеленсе, оның әріптесі Улайым Байтасова  2  орынды иеленді.

     Жетілік құрамға Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі Арайлым Рахматуллаева, осы соттың бас маманы Айнур Сатаева және Байзақ аудандық сотының  бас маманы  Нүргүл Махаш марапатталды.

         Сондай-ақ,  1, 2 және 3 орындарға медальдар, дипломдар және ескетілікке сыйлықтар беріліп,  4  орын мен 7 орындарға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

 

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.