«Судья әдебі уақыт талабы»

«Судья әдебі уақыт талабы»

 

Еліміз тәуелсіздігін алған күннен бастап сот жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі таңда дамыған елдерде сот төрелігінің әділдігі және оның жедел әрі толық орындалуы кез келген елдің демократиялық тұрғыдан көрінісі болып табылады. 1996 жылдан бастап әр төрт жыл сайын өткізілетін судьялар съездерінде Елбасымыз сот жүйесінің бағыт-бағдарын айқындап, атқарылған жұмыстарға баға беріп, маңызды міндеттер жүктеп келеді. Әсіресе, бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан кейін неғұрлым жандандырылып, отандық сот жүйесі одан әрі жетілдіріліп, дами түсті.

Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «ХХI ғасырда ұлтты дамытудың басты белгісі – мінсіз және тиімді сот жүйесі»-деп атап өткен болатын.

 «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Сонымен қатар, Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру үшін Судья әдебінің жаңа кодексі әзірленіп, қолданысқа енгізілді.

Судья әдебі дегеніміз – бұл кең ауқымды ұғым, ол судьялар қауымдастығының жұмысына қатысты әріптес судьялардан бастап, қарапайым азаматтардың, жұртшылық өкілдерінің тарапынан қызметте және қызметтен тыс уақыттағы, кәсіби қызметтегі қарым қатынастарына баға беру критерийлеріне негізделетін және судьялар қауымына тиесілігіне байланысты шектеуші сипаттағы ұғым болып табылады. Судьялар үшін кәсіби құқықтық мәдениеттің маңызы ерекше, бұл заңдық кәсібилік пен кәсіби әдептілікті ұштастыратын қасиет. Осы қасиеттерді ұштастыра отырып халықтың игілігі үшін қызмет ету судьялардың міндеті. «Тура биде туған жоқ, бұрған биде иман жоқ» -деген халқымыздың даналық қағидасын ұстануымыз қажет.

Сот жүйесінің алдағы уақытта ел игілігіне, халықтың сеніміне әрқашан ие болу үшін судьялар қызмет атқаратын болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Сот абыройы – мемлекеттің абыройы» -деген  қанатты сөзі біздер үшін әрдайым қанат бітіреді.

 

Ақмола гарнизоны әскери сотының

судьясы А.Батырханов  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив