Сот жүйесінің үстемдігін арттыру мақсатында атқарылуы тиісті бағыттар

Сот жүйесінің үстемдігін арттыру мақсатында атқарылуы тиісті бағыттар

Заңы мақты елдің іргесі де мықты. Иә, расында бұл сөздің жаны бар. Дамыған кез келген мемлекетті алып қарасақ қай қайсының да сот жүйесі берік қалыптасқан. ХХІ ғасырдың ортасына қарай біз Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуды өзімізге мақсат еттік. осы орайда Елбасы қазақстан xалқына ұшқыр идеяға құрылған 5 институционалдық реформаны ұсынды. Олар - кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамассыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілі пен бірлік , сонымен қатар есеп беретін мемлекетті қалыптастыру. Ал мұны жүзеге асыру мақсатында жасалуы тиіс 100 нақты қадамды да айқындап, айшықтап берді. Қарап отырсақ басым бөлігі сот жүйесінің үстемдігін арттыуға бағытталған. Бүгінгі таңда сот төрелігін тиімділік деңгейі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және өзге де салаларын табысты жаңғыруын айқындаушы фактор болып табылады. Бұл бәсекеге қабілетті ұлтты дамыту үшін қажетті шарт.  Бүгінде Жоғарғы Сотта жүктелген екінші институционалды реформаның барлық 11 қадамы заңнамалық тұрғыдан іске асырылуда. «Аталған бағыттағы жұмыс тиісті мерзімде және лайықты деңгейде жүргізілді. Ұлт Жоспарында сот жүйесі бойынша бекітілген барлық жаңашылдықтар 2016 жылдан бастап іске асуда. Бұл жаңашылдықтардың барлығы отандық сот жүйесін неғұрлым жаңғырта түсті», - дейді ҚР Жоғары Сотының Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Абай Раxметуллин. Қазақстанда жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс пен «Жоғары сот кеңесі туралы» жаңа заң қабылданды. Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңға, қылмыстық-процессуалдық кодекс пен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заңдардың әлеуеті зор екендігін атап өткен жөн. Мемлекет басшысының жаңа редакциядағы «Азаматтық-процессуалдық кодекске» жариялы түрде қол қоюы - оның ел өміріндегі маңыздылығын айқын көрсетті. Президент жаңа кодекс республиканың құқықтық кеңістігі түбегейлі жаңаша өзгерістер әкелетіндігін айрықша атап өткен болатын. Азаматтық-процессуалдық кодекс сот төрелігі тиімділігін арттыру және сот даулары бойынша бітімгершілік институтын қалыптастыруға бірқатар мәселелерін шеше алады. Жалпы алғанда, жаңартылған заңнама қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал ететін болады. Елде жасалған реформалардың тағы бірі - Қазақстанда 1 қаңтардан бастап, инвестициялық даулар бойынша сот өндірісі құрылды. Бұл Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асырудың "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 23-қадамында белгіленген болатын. Ол инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды жедел шешуде әрі заңды құқықтарын қалпына келтіруде өте тиімді. Соның негізінде біздің елде инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз етуге, құқықтық ашықтық принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге 2016 жылдың 1 қаңтарынан енгізілген жаңа азаматтық-процессуалдық кодекс инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді қарау ісі регламенттелді. Бұның алдында ондай істер жалпы мамандандырылған экономикалық соттарда қаралып келді және ұзақ қарастырылатын. Олар 4 инстанциядан өтуге тиіс болды. Сол үшін Жоғары сотта 7 судьядан тұратын арнайы сот алқасы құрылды. Жаңа алқаның мақсаты - инвестициялық дау-дамайларды қарастыру. Ұлт жоспарында көтерілген мәселелердің бірі - ол ҚР сот жүйесінің инновациялық жаңа технологиялармен қамтамасыз ету. Осыған байланысты, биыл республикадағы барлық соттар бейнетіркеу жүйесімен жабдықталатын болады. Осы арада ҚР Жоғарғы Сотымен көптеген игі істер атқарылды. Бүгінде бәрнеше сот отырыстарының бәрнеше залы жаңа аудио-бейнетіркеу жабдықталған. Сот ісін жүргізу саласын реформалау мен сот органдарын жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралардың түпкі мақсаты - азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қоғаудың тиімділігін арттыру. Отандық сот жүйесін одан әрі қарай жетілдіру, жергілікті соттардың рөлін арттыру, судьялардың тәуелсіздігін жоғарылату - басты назарда.

                                       

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының

бас маман-сот отырсынын хатшысы Серік Е.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.