Сотты құрметтемеу – заңды құрметтемеу

Сотты құрметтемеу – заңды құрметтемеу

Бүгінгі соттар кешегі билердің сарқыты. Ал, қазақ қоғамында билерге деген құрмет пен ықылас халық арасында ерекше болған. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Елбасымыз Н.Назарбаев  өз сөзінде «Сотқа құрмет - мемлекеттік билікке құрмет» деп айтып өткен болатын. Сот отырысына дер кезінде келмеген азаматтар сотқа қатысушылардың ғана емес, сонымен қатар судьяныңда уақытын алып, жұмысына кедергі келтіреді. Ал сотқа құрметтемеушілік білдіргендерге, заң талаптарына сай жауапкершілік көзделетінін көпшілік біле бермейді.

Ол сот отырысына төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбауынан, рұксатсыз орнынан сөйлеу, балағаттау алкогольдік ішімдік ішкен күйде келу, сот отырысына дәлелді себептерсіз келмеу сияқты әрекеттерден көрінеді. Іс қаралған тараптар өз уәждерін айтып, әркім өзі таңдаған қорғау әдісін қолданады. Процесске келмей, қасақана істің қаралуын созбалаңға салатын жағдайларда аз емес. Кейде судьяға тіл тигізіп сөйлеп, төрағалық етушінің заңды өкімдеріне мән бермейтіндер, тәртіп бұзып, сот отырысын жүргізуге кедергі жасайтындар, судьяны дәлелсіз қаралап, негізсіз шағым жазатындарда кездеседі. Соған қарамастан, судьялар сот отырысын талапқа сай өткізуге, тараптардың әділдік тауып кетуіне күш салуда.

Адамның тағдырын таразылау үлкен жауакершілікті талап етеді. Ал осы істі мемлекет атынан атқарып отырған судьяның біліміне парасаты сай болғаны абзал. Елдегі әділеттің айнасы, тура төрелік  айтудың кепілі болған судьялар бұл жоғары міндетті  атқару үшін үлкен сыннан өтеді. Сондықтан, халық сенетін, әділдікті шешеді деп үміт артатын сотты құрметтеу азаматтардың парызы.

Сот ғимаратының табылдырығын аттағаннан бастап жауапкершілікті әрбір адам сезінуі керек. Тура би алаңында жалған сөйлеп, көрер көзге шындыққа жанаспайтын куәгерлік көрсету – сотты сыйламаудың бір түрі. Әсіресе, шақыртуға себепсіз келмегендер сотты құрметтемей тұрғандарын түсінуі керек. Шақырту қағаздары дер кезінде жеткізіліп, тіпті SMS хабарламалардың көмегімен жеделдік артқан мына заманда сот отырысының уақытында өтуіне кедерді жасау сотты ғана емес, Қазақстан Республикасының Заңдарын сыйламау болып табылады. Сотқа шақыруға келмеген немесе жалтарған азаматтардың кесірінен сот  процесіндегі дәлелдемелердің зерттелуі қиындайды.

Ал, бұл үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 653-бабы 1,2-бөліктерінің талаптарына сай, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)   ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Сондай-ақ, бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік Кодексі 188-бабының талаптарына сәйкес, процеске қатысушы тұлға тарапынан тікелей сот талқылауы барысында сотты құрметемеу фактісі анықталған кезде сот кінәлі адамға әәкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 120-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануға құқылы. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, осы Кодекстің 120-бабында белгіленген тәртіптік қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын ескеру қажет.

Қорыта айтқанда, заң сотты құрметтеуді талап етеді, ал азаматтар заң талабына бағынуы тиіс. 

 

                    Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы Е. Төлеген

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.