Сот отырысына келмегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1 бөлімімен әкімшілік жауапқа тартылды
Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлімімен (Сотты құрметтемеушілік) азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Аз. С. неке бұзу туралы азаматтық іске сот отырысының болатын орны мен уақытын біле тұра, ешқандай себепсіз сот отырысына келмей, оның салдарынан сотқа қатысушы талап қоюшының наразылығын тудырып, сот отырысын кейінге қалдыруға, тағайындалған істі қарауға кедергі келтірді.
Сот отырысында құқықбұзушы өз айыбын толық мойындады.
Сот қаулысымен аз. С. ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1 бөлімімен кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]
27 пікір