Батыс аймағының соттары 2019 жылдың басынан бастап күшіне енген заңнамадағы өзгерістерді түсіндіруде

Батыс аймағының соттары 2019 жылдың басынан бастап күшіне енген заңнамадағы өзгерістерді түсіндіруде

 

Сот корпусының алғашқы кездесуі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровпен өтті. Мәжілісмен сот жүйесiн жаңғырту туралы заң жобаларының негiзгi ережелерiне және сот жүктемесiн оңтайландыру, қылмыстық заңнаманы одан әрi ізгілендіру  туралы Заңның орындалуын заңнамалық қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Енгізіліп отырған жаңашылдықтардың халық үшін пайдалы екендігін де атап өтті. Себебі олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндігі кеңейтілді. Азаматтар тек қана соттарға ғана емес, сондай-ақ талассыз талаптар бойынша атқарушы жазбаны алу үшін нотариустарға да жүгіне алады.

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық сотында 2019 жылдың ақпанында күшіне енген заңнамалық өзгерістердің құқықтық тұрғыда қолданылуы туралы семинарлар өткізді.

Азаматтық-құқық бойынша семинарға облыс судьялары, облыстық прокуратураның, нотариат, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, БҚО Халықаралық арбитражының, Ұлттық банк пен коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты. Семинарда меншік құқықтарын қорғауды күшейту, арбитраж және соттың жүктемесін оңтайландыру мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер талқыланды. Қатысушылар банктік қарыз шарты бойынша тараптардың мүліктік құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты өзгерістерді, сондай-ақ мемлекеттің мұқтаждықтары үшін жер телімін алып қою кезінде теңдей өтемді алуға жағдай туғызатын және  заңды талап бойынша ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы мәселелер жөнінде енгізілген түзетулерді талқылады. Салық заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұлдар мөлшерінің артуы туралы түсінік берілді, халықаралық актілердің ережелеріне сәйкес «Арбитраж туралы» заңының жетілдірілуі туралы айтылды.

Соттың жүктемесін оңтайландыруға және құқықты қолдану тәжірибесінде орын алған мәселелерді жоюға бағытталған түзетулер талқыланды. Халықты электр қуатымен, жылумен, газбен, коммуникациямен, сумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың басшыларына тұтынылған қызметтер бойынша борыштарды жинау нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде жүзеге асырылатындығы хабардар етілді.

Қылмыстық құқық туралы семинарда қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьяларға меншікке қарсы экономикалық және салықтық құқық бұзушылық туралы қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген түзетулер түсіндірілді. Қылмыстық істердің қаралу және сот актілерін дайындау сапасы талқыланды. Облыстық соттың судьяларының тараптардың татуласуына және ҚР «Медиация туралы»  заңының  сотпен қолданылуына байланысты тұлғаларды жазадан босату туралы сот тәжірибесіне жүргізілген талдауы,  бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны тағайындау және олардың орындалу тиімділігі, сыбайлас жемқорлық істерінің соттармен қаралуы және тергеу судьяларының жұмыстары туралы баяндамалары тындалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды және моральдық залалды өтеу тәртібі, айыппұлды өндіріп алу және жеке қаулылар шығару мәселелері бойынша түсініктер берілді.

Осындай іс-шаралар облыстың 3 қалалық және 9 аудандық сотында өтті. Соттардың төрағалары әкімдіктің, прокуратураның, полиция бөлімінің, пробация қызметінің, нотариустың, коммуналдық қызметтердің, банктердің, жеке сот орындаушыларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізді. Іс-шара барысында мүдделі құрылымдардың өкілдерімен ағымдағы жылдың заңнамалық өзгертулері және құқық қолданудың  жаңашылдықтары талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.

 

БҚО Соттар әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі басшысы Э.Есенғалиева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.