Аудандық соттарда меншік құқығын қорғауды күшейту және сот жүктемесін оңтайландыру туралы заңын түсіндіру

Аудандық соттарда меншік құқығын қорғауды күшейту және сот жүктемесін оңтайландыру туралы заңын түсіндіру

 

Казталов ауданының №2 аудандық сотында өткен «дөңгелек үстелге» Жалпақтал аудандық электр торабының басшысы Бауыржан Бердалиев, «Қазақтелеком» АҚ филиалының басшысы Қанат Есенов, АҚ Жалпақтал коммуналдық шаруашылығының басшысы Қайыржан Есетов, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалының өкілі Әділбек Сапахов қатысты.Сот төрағасы Айвар Бижанов шараға қатысушыларына бұл заңның соттардағы жүктемені азайтуға және судьялардың назарын шын мәнінде күрделі сот дауларына аударуға мүмкіндік беретінін, себебі,  даусыз істердің қаралуы соттардан алып тастап, нотариустардың қарауына берілді. Мысалы, халықты электрқуатымен, жылумен, байланыс және сумен қамтамасыз ететін мекемелер берешектерді қайтаруды атқарушылық жазба негізінде жүзеге асырады, алайда, талапкер даудың болуын талап етсе, судья оның өзіне іс бойынша сот шығындарын жүктеуге құқылы екенін түсіндірді.Бұдан басқа, сот орындаушыларының әрекетіне берілген 18 санкцияның ішінен сотқа екеуі ғана қалады, олар - борышкерді күштеп әкелу және елден тыс шығуға тыйым салу; борышкердің мүлкіне,  банктік шоттарға тыйым салуға санкция беру және банктік құпияны құрайтын ақпаратты талап ету прокуратураның өкілеттігіне берілгенін айтып түсіндірді.

Сонымен қатар, А.Бижанов әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді жүргізу кезінде  құжаттарды дұрыс рәсімдеу жөнінде мәселелер бойынша жергілікті полиция қызметі басшылары мен учаскелік инспекторлардың қатысуымен тағы бір «дөңгелек үстел» өткізді.Кездесу барысында әкімшілік хаттамаларды жасақтау және материалдарды сотқа жіберу кезінде оларды дұрыс ресімдеуге талаптар қойылды және полиция қызметкерлерімен жіберілетін  негізгі қателіктер көрсетілді.Судья С.Қ. Оразғалиева  іс жүргізу құжаттарын құрастыру сапасына тікелей байланысты екенін, бұл лауазымды тұлғалардан істі рәсімдеуге жауапты қарауды талап ететінін атап өтті.Іс-шара барысында  қатысушылар пікірталас форматындағы анықталған проблемаларды талқылады, мұндай іс-шаралар үйлесімді жұмыс жасауға және заңдылықтың бұзылуына жол бермеуге, әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың құқықтарының сақталуына ықпал ететінін атап өтті.

Теректі аудандық сотының судьясы Мерлан Кусайнов «Достық үйінде» заңнамалардағы жаңашылдықтарға қатысты түсіндіру жұмыстары бойынша семинар-кеңес өткізді. Шараға аудан әкімдігінің, нотариаттың, коммуналдық кәсіпорындардың, жеке сот орындаушылар және БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар жалпы заңнама атқару құжаттарын сапалы және тез арада орындауға бағытталғанын, заңды мүдделерлді қорғау және сот жүктемесін азайтуға мақсат қойғанын атап өтті.

Жаңақала аудандық сотындакейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша прокуратура, әділет басқармасы, нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, коммуналды мекеме өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Нотариаттың айрықша құзыретіне берілетін және сот орындаушыларының қаулыларын санкиялаудың жаңа талаптарын қарау тәртібін қолдану мәселелерін талқылай келе сот төрағасы Сабыржан Есжанов бұлардың сот жүйесі қызметінің барынша қолжетімді  әрі тиімді болуы үшін енгізіліп отырғанын атап айтты.Іс-шараға қатысушылар мазмұнды баяндамалар жасап, пікір алмасып және өзгерістерді жүзеге асыру жолдарын талқылады. Қатысушылар Қазақстандағы құқықтық реформа бірінші кезекте азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғауға, сот ісін жүргізуді оңайлатуға және заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғандығын атап өтті.

Бәйтерек аудандық сотында сот төрағасы Роза Сариева Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы түзетулерді түсіндіру бойынша мүдделі құрылымдардың өкілдерімен кездесті. Іс-шарада сот жүктемесін оңтайландыруға, банктік қарыз шарттары бойынша тараптардың мүліктік құқықтарын қамтамасыз етуге, мүлікті тәркілеу кезінде тұлғалардың мүліктік құқықтарын қорғауға, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою кезінде тең құнды өтеуге қатысты заңнамадағы өзгерістер айтылды. Салық заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұлдар көлемінің артуы, бірнеше рет жасалған меншікке қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы атап өтілді.Талқылау барысында жекеше нотариус Эльмира Жазықбай нотариустарға атқарушылық жазулар арқылы даусыз талаптардың 9 түрі бойынша берешектерді өндіріп алу мәселесін беру туралы атап өтті. Атқарушылық жазбаны жасағаны үшін қызметтерге ақы төлеу бойынша түсініктеме берді, жеке тұлғалар үшін мөлшері өндіріп алынатын соманың 0,2% - ын құрайтынын, бірақ 0,5 АЕК-тен кем емес және 50 АЕК-тен артық емес, заңды тұлғалар үшін өндіріп алынатын соманың 1%-ын, бірақ 1 АЕК-тен кем емес және 100 АЕК-тен артық емес екенін атап өтті. Ауданның кәсіби емес медиаторы Мұрат Күзумов дауларды соттан тыс шешудің жаңа тәртібі тараптардың уақыты мен материалдық шығындарын үнемдеуге бағытталғанын атап өтті.Жеке сот орындаушысы Тургамбек Мамаев қатысушылардың назарын жаңа заңнама бойынша сот санкциясына тек 2 қаулы ғана жататынын атап өтті-сот орындаушысына келуден жалтарған адамдарды алып келу және елден тыс жерлерге шығуды шектеу, бұл сот жүктемесін едәуір төмендетеді.Қаулылардың басқа түрлері бойынша олардың іс-әрекеттеріне санкция беру прокуратураға беріледі. Іс-шара соңында қатысушылар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған заңнаманы практикада қолдану мәселелерін талқылады.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.