Оралдағы «Түнгі соттың» жұмысы оның тиімділігін дәлелдейді.

Оралдағы «Түнгі соттың» жұмысы оның тиімділігін дәлелдейді.

 

«Түнгі сот» жобасын енгізумен жалпы тәртіпте қаралатын әкімшілік істердің саны қысқартылды, бұл жалпы сот төрелігін жүзеге асыруға әсер етті. Нәтижесінде, күндізгі уақытта судьяларға ауыртпалық айтарлықтай төмендеді, сондай-ақ күрделі істер бойынша жұмыс сапасын жақсарту үшін негіз болды.

Соттың жұмыс істеуі 18-ден 22 сағатқа дейін белгіленуі, көбінесе азаматтар үшін қолайлы болып табылады, жұмыс орнынан сұрануға, күндізгі жоспарларын бұзуға және күнделікті өмір ырғағынан ауытқуға қажеттілік туындамайды. Сонымен қатар, істердің әдеттегі 72 күн қаралудың орнына қысқа мерзімде 3 күнге дейін қаралады.

Мәселен, 2018 жылдың 6 айы ішінде «Түнгі сотта» 415 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, алайда бірде-бір сот актісі шағымданбады. Істердің ең көп көлемде жобаның алғашқы күндерінде яғни 25 мамырдан бастап 1 маусымға дейін қаралды - 6 күнде 46 іс, оның ішінде бір күнде барлығы 17 іс, қалған күндері - күніне 5-тен 7 дейін істер қаралды. Желтоқсан айының 20 жұмыс күні ішінде  сот 62 іс қараса, оның 12-сі бір күнде қаралған, ал қалған күндері 3 не 6 іс ғана қаралған.

2019 жылдың басында «Түнгі сотта» 31 іс қаралды, оның 24-і ақпан айының 19 жұмыс күнінде қаралса, ақпанның 4 күнінде 7 іс қаралған.

Аталған көрсеткіштер түнгі соттың жұмыс істеуіне сұранысты көрсетеді. Әдетте, көптеген құқық бұзушылық кешкі уақытта жасалады, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары да жие орын алады. «Түнгі сот» жағдайында апат салдарын ең қысқа мерзімде жоюға, сонымен қатар зақымдалған көлік құралдары үшін сақтандыру төлемін алу тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік туындайды.

Жол ережесін бұзудан басқа, сотқа отбасылық және тұрмыстық құқық бұзушылықтар туралы, ұсақ бұзақылық, ұрып-соғу, сот актілерін орындамағаны және көші-қон заңдарын бұзғандығы туралы материалдар түсіп қаралуда. Аталған санаттағы істер әкімшілік сотпен қаралған істердің 80% құрайды.

Жоғарыда аталған фактілер заманауи жағдайларда «Түнгі сот» қызметінің тиімділігінің және азаматтар үшін ыңғайлы уақытта істердің қаралуына қатысуға мүмкіндік беретіндігінің нақты куәсі болып отыр.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.