Cот отырысының онлайн тәртібінде жүргізілуі уақытты үнемдейді.
Жуалы аудандық соты бейне-конференцбайланыс арқылы сот отырысын өткізді.
Түркістан облысының Жетісай аудандық сотынан соттылығы бойынша түскен алимент өндіру туралы азаматтық істің өндірісі барысында, талап қоюшы А. өзінің арызында сот отырысын бейне-конференцбайланыс арқылы онлайн тәртібінде өткізуді сұрады.
Сот отырысында талап қоюшы А. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында бола отырып Жуалы аудандық сотында өтіп жатқан сот процесіне қатысуға, сотқа қатысушыларға сұрақтар қоюға толық мүмкіндік алып, сотқа жақтардың тікелей қатысуынсыз шешім шығаруға мүмкіндік берді, бұл бір жағынан талап қоюшының уақыты мен қаржысын үнемдеді.
Сот төрелігіне ІТ-сервисі арқылы кедергісіз және ыңғайлы қол жеткізу «Сот төрелігінің 7 –тасы» шеңберінде жүзеге асырылып жатыр, соның арқасында сот жүйесіндегі цифровизацияның дамуы жоғары деңгейде.
Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
16 пікір