Соттағы электрондық іс жүргізудің ерекшеліктері
Сот төрелігін жүзеге асыруға, жеңілдетілген тәртіп пен істерді қарау мерзімдерінің қысқаруына электрондық іс жүргізудің енгізілуі септігін тигізуде.
2017 жылдың шілдесінен бастап соттар азаматтық істер бойынша сот бұйрығын шығару туралы өтініштерді, ал 2018 жылдың наурызынан - жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу қарауды электрондық нысанына көшірілді. Соттағы электрондық іс-жүргізу арыз беруден бастап, заңды күшiне енген сот актiсiн орындау жолдау сатысына дейін енгiзiлдi. 2018 жылы облыс соттарымен азаматтық істер бойынша 10 804 электрондық сот бұйрықтары шығарылды, оңайлатылған (жазбаша) өндіріс бойынша 2 978 іс электронды нысанда қаралды. Бұдан басқа, қылмыстық істерді қабылдау және қарауды, материалдарды санкциялауды электронды түрде жүзеге асыру жұмысы басталды.2018 жылы облыс соттары өндірісіне 1 834 қылмыстық іс және 1 298 санкциялау туралы материалдар түсті, оның ішінде 468 (25,5%) қылмыстық іс және 47 (3,6%) санкциялау туралы материал электронды түрде түсті. 429 электрондық қылмыстық іс қаралды, оның 56-сы – бұйрықтық іс жүргізу істері. Электрондық нысанның ерекшелігі - ақпараттық жүйе қылмыстық іс материалдарын цифрлық нысанда сақтайды және жоғары деңгейлі қауіпсіздікке ие. Барлық процессуалдық құжаттар электрондық карточкада сақталады, сот актілері соттың базасына дер кезінде салынады. Бұл жаңашылдық сот жүйесі, құқық қорғау органдары мен ел тұрғындары арасындағы қарым-қатынастың ашықтығын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]
23 пікір