Азаматтық істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде және сот бұйрығы негізінде қарау
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының судьясы Ж.К.Алишева, коммуналдық кәсіпорындар өкілдері, прокурор, адвокаттар мен заңгерлердің қатысуымен «Азаматтық істерді оңайлатылған және бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібінде қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылармен сот бұйрығының артықшылықтары мен оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізудің тиімділігі талқыланды. Баяндамаларымен «Ақбұлақ» АҚ, «КазТрансГазАймақ» АҚ өкілдері, сонымен қатар сот судьялары Ж.С.Жұбатова мен М.К.Шәріпова бөлісті. Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде және сот бұйрығы негізінде қаралған азаматтық істердің статистикалық көрсеткіштері келтіріліп, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Сонымен қоса, электрондық төрелікке аса назар аударылды, судьямен сот жүйесінде табысты қызмет атқарып жатқан электронды сервистер сөз етілді.
Нәтижелерді қорыта келе дөңгелек үстелдің соңында Ақтөбе облыстық сотының судьясы күн тәртібіне қатысты ұсыныстармен бөлісті және белсенді қатысқандары үшін барлығына алғысын білдірді.
[xfvalue_img]