Медияция туралы Заңын қылмыстық іс жүргізу барысында қолданудың өзекті мәселелері

Медияция туралы Заңын қылмыстық іс жүргізу барысында қолданудың өзекті мәселелері

Медиация - дегеніміз дауларды ерікті түрде шешудің баламалы әдісі. Ал тараптардың заң талаптарына сәйкес медиацияны жүргізу үшін тартатын тәуелсіз жеке тұлға медиатор болып табылады.

 

Медиацияның мақсаттары: біріншіден дауды шешудің медиацияның екі тарапында қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу; екіншіден тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.

        

Медиация басшылыққа еріктілік, тараптардың тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялық қағидаттарын  ала отырып жүргізіледі.

 

Медиация заңмен белгіленген  талаптарына қайшы келмейтін тараптар келіскен тәртіп бойынша жүргізіледі.

     

Медиацияны жүргізу орны және уақыты тараптар өздерінің қалауы бойынша айқындайды. Сонымен қатар, тараптар медиацияны жүргізу тілі өздерінің қалауы бойынша уағдаласа алады.

 

Медиацияның ең басты талабының бірі тараптардың өзара келісімі болып табылады. Яғни, бір тарап медияциямен келіспеген жағдайда медияция жасалмайды. Кез-келген құқық қатынастардан туындайтын дауларды реттеу кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне сәйкес онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша күдікті (айыпталушы) немесе сотталушының медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына құқылы.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

 

Медиатор тараптардың келісуімен медиация рәсімін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз бен хабар тіркелген кезден бастап және қылмыстық процестің үкім заңды күшіне енгенге дейінгі кейінгі сатыларында жүзеге асырылады.

 

Судьялардың және қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар лауазымды тұлғаларының тараптарды қандай да болмасын нысанда медиацияға мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Алайда, тарапқа медиацияға жүгінуге ұсынысты басқа тараптың өтініші бойынша, сот немесе қылмыстық қудалау органы жасауы мүмкін.

      

      Медиация туралы Заңға сәйкес тараптардың медиация туралы шарт жасасуы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрмайды. Медиацияға қатысу фактісі медиация тарапы болып табылатын сот ісін жүргізуге қатысушының кінәні мойындауының дәлелі бола алмайды. Егер медиацияны жүргізу кезінде тараптардың бірі кәмелетке толмаған адам болса, педагогтің немесе психологтің немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің қатысуы міндетті. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы медиация қылмыстық процессуалдық заңында белгіленген сотқа дейінгі және сотта іс жүргізу мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс.

 

Осыған орай, медияцияны қылмыстық іс жүргізуде қолдану заманның талаптарына сай негізделгендігіне көз жеткізуге болады. Қазіргі уақытта  статиститаға сүйенетін болсақ тек Астана қаласы бойынша 2014 жылдан 2017 жылғы 25 қарашаға дейін 6131 медияциялық тәртіпте келісім шарт жасалған. Соның ішінде 2017 жылдың аралағында 4014 медияциялық келісім шартқа қол қойылған. Яғни бұл дегеніміз медияция институтының Қазақстан Республикасында енді қарқындап дамып жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар, дауды шешуді медияцияның кеңінен қолданылуы халықтың құқықтық деңгейінің артуының көрсеткішінің бірі деп айтуға болады.

 

Есіл ауданының №2 аудандық сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы

Н.С.Бөлекбаев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.