Құрметті оқырмандар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар.
Өтіп бара жатқан жыл еліміздің саяси және экономикалық өмірінде жарқын жетістіктерге толы болды.
Елімізде жаңа өнеркәсіп салалары дамып, көліктер, локомотивтер, тікұшақтар, жерсеріктер шығарыла бастады.
Міне, осының барлығы әлемнің озық 30 елінің қатарына кіруге негіз болмақ. Бұл дегеніміз – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, өмір сүру деңгейін жоғарылату.
Ел дамуына сот жүйесі де өз үлесін қосуда. Экономиканың және азаматтардың іскерлік белсенділігімен қатар халықтың сот қызметіне деген сұранысы артып келеді.
Ұлт Жоспары шеңберіндегі сот реформалары одан әрі жалғасуда.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында сот жүктемесін жеңілдетуді, судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіруді, жұмыстың жаңа форматтарын енгізуді, электронды сот төрелігін енгізуді тапсырды. Осы орайда Парламент пен Үкіметке 10 заң жобасы енгізілді. Олардың ең маңыздылары 2019 жылда қабылданады деп күтілуде.
Реформалар сот төрелігінің бұдан да ашық, айқын әрі халық үшін қолжетімді болуына ықпал етпек. Осының барлығы халықтың соттарға деген сенімін арттыру жөнінде Елбасының алға қойған стратегиялық міндетін шешуге мүмкіндік береді. Осылайша соттар заң үстемдігі мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету жөніндегі өзінің рөлін орындайтын болады.
Соттарда, заманауи технологиялар қарқынды дамып, «электронды сот төрелігі» жүзеге асырылуда. Биыл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған бірқатар заңнамаларға өзгерістер енгізілді.
Жыл басында Жоғарғы Сотта «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы өмірге еніп, онда дамудың жеті басым бағдарламасы шоғырландырылды.
Бұл құжат сот жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыныс-тілектерінің жиынтығы.
«7 түйін» мен басқа да бастамалар мен жобалар Ұлт Жоспары, «Рухани Жаңғыру» және Елбасының Жолдауын іске асыруға бағытталған.
Биыл соттарда бірнеше пилоттар іске асырылды. Олар идеяларымыздың расында да маңызды, қажет екенін көрсетті.
Осы пилоттардың нәтижесіне сүйене отырып, оншақты заң жоба әзірленді. Олар да қазір мемлекеттік органдарда келісу үстінде.
Бұл түзетулер, ең алдымен, қажетсіз жүктемені қысқарту арқылы сот төрелігінің сапасын арттыру міндетін көздейді.
Осы бағыттағы жұмысымыздың басты мақсаты - соттарға сенімді арттыру жөніндегі Президент тапсырмасын орындау.
Жаңа 2019 жылдан күтер үмітіміз көп, атқарылар іс те аз емес.
Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!
Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, жұмыстарыңызға жетістік пен абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке, бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!
А.Бабатов
Ізгі құрметпен, Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы
[xfvalue_img]
20 пікір