Оралда сот өкілдері, кәсіпкерлер мен медиаторлар бизнес-қауымдастық арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу мәселелерін талқылады.

Оралда сот өкілдері, кәсіпкерлер мен медиаторлар бизнес-қауымдастық арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу мәселелерін талқылады.

 

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты облыстың Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Соттар жұмысының замануи форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын азайту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының Тұжырымдамасы» тақырыбында дөңгелік үстел өткізілді.

Жиынға қатысу үшін бизнес-қауымдастық өкілдері, адвокаттар мен медиаторлар шақырылды.

Шара Жоғарғы Сот пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасында жасалған Жол картасын жүзеге асыру мақсатында оздырылды.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары жоғарыда аталған Заң жобасының Тұжырымдамасы талқылады. БҚО Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Мағрипа Нигишева және экономикалық соттың судьясы Найля Сейдахметова баяндама жасап, сот істерін қарау барысында кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарық қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелеріне тоқталды. Дауды сотқа дейінгі реттеу бойынша міндетті рәсімдерді бекіту туралы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу арқылы соттардың жүктемесін азайтудың пәрменді тетіктерін қабылдауға назар аударылды.

Судья бизнесті сот арқылы қорғау мәселелері бойынша соттардың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен өзара үйлесімді әрекет ету маңыздылығын сөз етті. «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы заң үстемділігі, әділдік және ашықтық қағидаттарына негізізделген жүйелік ынтымақтастық тек біздің облыста ғана емес, жалпы республика бойынша кәсіпкерліктің одан әрі қарқынды дамуына өз септігін тигізеді»,- деп атап өтті Н.Сейдахметова.

Сонымен қатар, шара барысында медиаторлар Ассоциясы мен облыстың Кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған Меморандумның нәтижелері туралы айтылып, сотқа талап арыз берместен дауды реттеу үшін Палатаға жүгінген ЖК мен заңды тұлғалар арасында жасалған медиативтік келісімдердің мысалдары келтірілді. Кәсіпкерлер дауды сотқа дейін реттеу уақыт пен қаржыны үнемдеуге, бастысы достық серіктестікті сақтап қалуға мүмкіндік бергенін айтып өтті.

«Дөңгелек үстелді» қорытындылай келе, қатысушылар кәсіпкерлік субъектілері арасындағы дауларды реттеудің баламалы және сотқа дейінгі нысандарын қолдану бойынша ұсынымдар енгізді.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.