Судьялардың әдеп кодексі
Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот және құқық қорғау органдарының жаңғыртылуы және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған 19-қадамда судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, жаңа Әдеп кодексін жасақтау қажеттігі турасында айтылды. Оған қоса, соңғы уақытта қоғамда орын алған шынайы эволюциялық құқықтық және моральдық нормалар жаңа халықаралық заңнамаға сай Судьялық әдеп кодексін әзірлеуге негіз болды. Өйткені, судьяға берілетін өкілеттілік ұлттық құқыққа ғана емес, демократиялық елдерде құпталған халықаралық құқыққа да бағынышты. Тағы бір айта кететін жайт, Судьялық әдеп кодексінің қабылдануы Президент қойған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Судьялар одағының кезектен тыс VII съезінде, 21 қараша 2016 жылы судьялардың қызметі мен күнделікті тұрмысында олардың жүріс-тұрысын реттейтін жаңа Судьялық әдеп кодексі қабылданды. Кодекс 15 баптан тұрады. Ол Қазақстан Республикасының Конститутциясының, «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңының және халықаралық жалпы жұрт таныған принциптерімен нормаларына негізделген. Кодексте судьяның мінез-құлық принциптеріне ерекше көңіл аударылып, оның сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңды және ар-ожданды басшылыққа алып, шешім қабылдау қажеттілігі көрсетілген. Судья сот билілігінің беделін түсіретін, абырой-беделіне нұқсан келтіретін және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде оның оъбективтілігі мен бейтараптылығына күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен өзін аулақ ұстауға тиіс. Қазіргінің судьясы бұрынғының билері. Жұмыстан тыс кезінде де судьяның мінез құлықтары мен сыртқы келбеті оның қызметіне лайықты болуы керек. Қызмет бабын өзінің жеке басынының, отбасы мүшелерінің немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін пайдаланбауға тиіс. Судья ең бірінші әділ, ұқыпты, әдепті және де адамгершілігі мол болуы тиіс. Сонда ғана судья құрметті болады.
Судьялардың әдеп кодексінің қағидаларын қоғам талабына сай жетілдіру – басты міндеттердің бірі. Судьялық әдеп кодексі судьялар корпусының қазіргі құрамын кәсіби және адами-әдеп жағынан нығайтудың құралы болуы тиіс. Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам болып табылады. Сондықтан, биліктің үшінші тармағы – сот жүйесі сенімге селкеу түсірмеуі тиіс.
А.Т.Анарбаев
Мұғалжар аудандық сотының төрағасы
[xfvalue_img]
11 пікір