Судьялық әдеп кодексі – заман талабына сай қабылданған кодекс

Судьялық әдеп кодексі – заман талабына сай қабылданған кодекс

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев судьялардың VII съезінде «Тәуелсіздігіміздің таңында бізге көп нәрсе жетіспеді, сол кезде судьялық корпусты қайта оқыту, судьялардың жаңа буынын тәрбиелеу, әкімшілік-командалық ойлау стереотиптерін жою қажет болды. Бүгін біздің алдымызға қойған міндеттеріміз табысты шешімін тапты деп айта аламыз. Қоғамда және мемлекетте соттардың абыройы менықпалы артып келеді. Егер бұдан бұрын соттар құқық қорғау жүйесінің бөлігі және жазалаушы саясаттың құралы болса, қазіргі уақытта сот-бұл басты құқық қорғаушы институт бола бастады. 25 жылда сот билігі аяғынан тік тұрды және реформалар барысында ең үздік тәжірибесі мен әлемдік стандарттарды  игеріп, сапалы жаңа келбетке ие болды»,-деді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми өзінің сұхбатында Ұлттық сот жүйесін дамыту жолындағы қыруар жұмыстардың Мемлекет басшысының қолдау көрсетуі арқасында жүзеге асырылғанын. Нұрсұлат Әбішұлы еліміз азаттық алған тұстан бастап сот жүйесінің тәуелсіздігі мен оны нығайтуға бағытталған жұмыстарды қолдағанын. Соттар мен судьялардың мәртебесі нығайтылып, сот құрылымы мен сот өндірісін жүргізу тәртібі түбегейлі өзгеріске ұшырағанын айта кетті.

Еліміздің сот саласындағы маңызды шараларының бірі ретінде Судьялардың VII съезін атап өтуге болады. Осы алқалы жиында  Судьялық әдеп кодексі қабылданды. Онда судьялардың қызметтегі және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы мен жүріс-тұрысының нормалары бекітілген. Бұл құжат жалпы ережелер мен судьяның кәсіби міндеттерін атқарғанда, сонымен қатар, жұмыстан тыс уақытта әдеп принциптерін сақтауды белгілеп, сапалы, кәсиби, жоғары рухани принциптерге ие судьялар корпусын жасақтаудың негізі болып табылады.

Судья-сот жүйесіндегі басты тұлға, мәртебесі биік, мемлекеттік лауазымға ие адам.Судьяның осындай биік мәртебесі оған зор жауапкершілікті жүктейді. Сот билігіне жүгінген адамның тағдыры судья шығарған шешімге тікелей байланысты. Жаңадан қабылданған Судьялық әдеп кодексі қазақстандық соттар қызметіне жаңаша серпін беріп, судьялар қауымдастығының қоғам алдындағы жауапкершілігін одан әрі арттыра түседі және сот билігінің беделін арттырады.

 

Мұғалжар ауданының №2

аудандық сотының судьясы:                                              

Ж.А.Кунаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.