Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Елбасының «Қазақстан жолы– 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыру шарасын жолдаудың мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру жөніндегі 7 қағидатының өзекті бөлігі деп белгілеген.
Заман талабына сай біз жаңа қоғамда, дамып келе жатқан мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Жаңа жетістіктерімізбен қатар түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселеде бар, ол - коррупция, яғни сыбайлас жемқорлық.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, жеке сектордың басшылары өз қызмет бабын жеке басының баюы, басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланғанда қоғамды да, мемлекетті де бұзатын әлеуметтік құбылыс. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Тәжірибе көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотының аға сот жасауылы
А. Ракишев
[xfvalue_img]