Сот отырыстарын бейнеконференцбайланысымен өткізудің артықшылықтары

Сот отырыстарын бейнеконференцбайланысымен өткізудің артықшылықтары

Қазақстан судьяларының VI съезінде Мемлекет басшысы атап өткендей, сотқа жүгінген адамдар өздерінің құқығын қорғауда аумақтық тұрғыдағы және ұйымдастырушылық кедергілерге тап болуға тиіс емес. «Сот төрелігіне азаматтардың кең ауқымды бөлігінің қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды. Соттың іс қарауы хаттамасын толық және сапалы қамтамасыз ететін тетік ретінде сот процестерінің электронды тіркелімін жаппай енгізген жөн. Бірінші сатыдағы барлық соттарды бейнеконференция байланысымен қамтамасыз ету қажет, бұл сот төрелігін қашықтан жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сот жүйесі қызметіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу – сот қызметіне халықтың кең ауқымды бөлігінің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі негізгі міндеттердің бірі.

Осындай бағыттардың бірі – республикадағы  бірінші сатыдағы соттарды аудио-, бейнетіркеу жүйесімен, соның ішінде бейнебайланыс  жүйесімен қамтамасыз ету. 

Бейнебайланыс жүйесі соттарға сот төрелігін қашықтан жүргізуге мүмкіндік береді. Мәселен, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Астана қаласында орналасқан, алайда оның аумақтық соттылығы Қазақстан Республикасының  барлық аумағы кіреді. Сондықтан куәгер, жәбірленуші ретінде Алматыда, Өскеменде, Оралда  және т.б. аумақтарда тұратын адамдар болуы мүмкін.  Ол адам жергілікті сотқа келіп, сол жерде оны бейнебайланыс арқылы Астанамен байланыстырады. Мұндай куәлік ету толыққанды болып табылады және сот тарапынан толық көлемде ескеріледі. Заңнамаға тиісті өзгерістер 2014 жылы енгізілді.

Бұған қоса, бейнебайланыс жүйесі бас бостандығынан айыру орындарында және тергеу абақтысында отырған сотталған немесе тергеуде жүрген адамдарды тасымалдамай-ақ жауап алу үшін қолданылады. Бұл бюджет қаражатын үнемдеуге және сотталған адамды тасымалдау барысында туындауы мүмкін басқа да тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ҚР Әскери сотының төрағасы онлайн-форматта барлық гарнизоны әскери қызметшілерінің қабылдауын өткізеді. Осы күні барлық ниет білдірген әскери қызметшілер және де басқа тұлғалар өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болады. Қойылған сұрақтардың тақырыптары алуан түрлі болады. Әскери қызметшілерді сот жүйесіндегі жаңашылдықтар, заңнамадағы өзгерістер, сонымен қатар, әскери соттардың алдында тұрған міндеттер қызықтырады.

 

 А.Сарскулов

Қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы         

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.