Жаңа ақпараттық технологиялардың сот жүйесіндегі рөлі

Жаңа ақпараттық технологиялардың сот жүйесіндегі рөлі

Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съезінде Елбасымен берілген тапсырмалардың бірі - сот құрылысын жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу болатын, яғни жаңа ақпараттық технологиялардың сот жүйесіндегі рөлі. Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының барлық соттарына «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «Электронды шақыру қағаз», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS–хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар,  бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар қызметке енгізілді. 

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің нәтижесінде  халықтың әрбір мемлекеттік қызметке қол жеткізуді оңтайландырылып, автоматтандырылған күйге көшті. Ал сот саласында жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің негізгі мақсаты – сот жариялылығын, халықтың сотқа деген қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Сот жүйесінде қазіргі заманғы жаңа технологияларды, оның ішінде жоғарыда аталған жобаларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетті. Жаңа технологияларды кеңінен пайдалану, ақпараттық жүйелерді біріктіру, тұтастай алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде сот жұмысының сапасын, сот органдары қызметінің мобильділігін және ашықтығын арттырады. Сонымен қатар, судьялардың және сот аппаратының, азаматтардың жұмыстарын жеңілдетуге бағытталған. Республиканың сот жүйесінің алдына қойылған талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты соттарда ақпараттық технологияларды қолданудың бірқатар жүйелік-ұйымдастырушылық шараларын қолданып жатыр. Бұл ең алдымен адам қолымен жіберілетін қателіктердің алдын алуға және қағазбастылықтан босатуға септігін тигізеді. Сот ісін жүргізуді қысқарту үшін сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат беретін бірыңғай терезе «Сот кабинеті» жұмыс жасайды.  «Сот кабинеті» арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келгені сотқа келіп әуре-сарсаңға түспей, ыңғайлы уақытта үйде немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн режимде электронды түрде арыздарды, талап арыздарды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, «Сот кабинеті» электрондық сервисін ілгері дамыту және жаңарту мақсатында, мобильді құрылғы арқылы сот органдарымен берілетін, сервиске кіруге қамтамасыз етілетін «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасы әзірленді. Соттағы бұндай жаңа ақпараттық технологияның енгізілуінің тағы бір негізгі тиімділігі ретінде арызданушы азаматтар мен сот қызметкерлері тікелей қарым-қатынасқа түсуіне жол бермей, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жағдай жасайтындығы болып табылады. Cонымен бірге «Сот кабинеті» атты жаңадан енгізілген ақпараттық сервис сот өндірісін жеңілдетіп қана қоймай, сот төрелігіне қолжетімділік, ашықтық пен мөлдірлікті қамтиды. Бұл сервис кез-келген тұлғаның уақытын үнемдей отыра, үйінен немесе кеңседен шықпай, ғаламтор желісі арқылы сотқа талап арыз, өтініш тапсыруға, әрі мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік береді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, былтырғы көрсеткіштерге қарағанда «Сот кабинеті» сервисін пайдаланушылардың саны артып, сервис арқылы бір миллионнан артық арыз-өтініштер сотқа келіп түскен.

Электрондық сот өндірісін одан әрі дамытудың бір көрінісі ретінде 2015 жылғы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалардың уәкілетті органдармен электронды түрде жолдануға қатысты жобаның іске асуы танылады. Аталмыш жоба азаматтардың уақыттарын үнемдеуге септігін тигізеді.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 20 қадамында барлық сот процестеріне қазіргі заманғы жаңа технологиялардың бірі бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу туралы басып айтты.  Осыған орай, республикамыздың барлық соттары заманауи аудио-бейне таспа құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Елордадағы барлық сот отырыстарының залдары түгел аудио-бейне жазбасының жаңа жүйелерімен жасақталған. Аталмыш жүйе ең алдымен сот отырысының уақтылы басталмауы тәрізді мәселемен күресуге мүмкіндік береді, яғни сот процесінің әрбір қатысушысын тәртіпке шақырады. Сонымен қатар, жүйе жазылған ақпаратты бұрмалауға жол бермейді. Аудио-бейне жазбасы даулы мезеттер туындаған кезде, процестің нақты барысын қайта қалпына келтіруге, нақты деректерді белгілеуге және сот отырысының хаттамасын автоматты түрде құруға мүмкіндік береді. Бұл жүйенің негізгі басымдылығы болып сот ісіне қатысушыларды, судьяны, мемлекеттік айыптаушыны, адвокаттарды, сондай-ақ барлық тараптарды тәртіпке шақыру танылады.

Бұл жүйенің қарқынды бағытының бірі ретінде мәліметтерді сақтайтын орталықтандырылған аудио-бейне таспа жүйесінің «Төрелік» және «Сот кабинеті» онлайн-сервистерімен біріктірілуін атап өтуге болады. Бұл жүйенің халыққа тиімділік тұсын атап өтсек, электронды санды қолтаңбамен қол қойылған сот актісі бірден «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы «Сот кабинеті» сервисіне түсіп, іске қатысы бар жақтың сот құжаттарымен танысып, оларды шығарып ала алуына кең мүмкіндік берілген.

 

Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды

қорғау бөлімінің бас маманы

Еламан Ә.Ұ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

11 пікір

  1. аватар
    Clarice 6 сентября 2024 16:55

    внешний блок кондиционера работает без остановки, инструкция кондиционера arg аяғы ауыр әйелге кіндік шеше болуға болама, кіндік әке шеше исламда бірінші дүниежүзілік соғыс
    тест сұрақтары жауаптарымен, 1 дүниежүзілік соғыс тест институт экономических исследований адрес, казахстанский фонд
    экономических инициатив

    My web blog транссібір
    экспресі фильмінің режиссері

  2. аватар
    Kira 6 октября 2024 17:53

    халықаралық миграция деген не, эмиграция деген не крупнейшие частные
    компании мира, крупнейшие
    компании казахстана қаршыға есімінің
    мағынасы, алдияр есімінің
    мағынасы көзімнің қарасы
    текст минус, көзімнің қарасы скачать текст

    Feel free to visit my webpage; ата
    анаға алғыс хат үлгісі

  3. аватар
    Claudette 17 ноября 2024 07:59

    ертегілер оқу сабақ жоспары, ертегілер әлемінде ашық сабақ как получить справку
    с места жительства через егов, адресная справка по иин асқын өткізгіш магниттер, асқын өткізгіштік пайдасы текст доске, доске музыка скачать

    my page :: әбіш кекілбаев
    үркер қысқаша мазмұны

  4. аватар
    Eric 18 ноября 2024 04:28

    скачать фильм индия мой дом, я за своего брата или виная видея рама цум алматы айфон, почему в цуме телефоны дешевле даму дегеніміз не, психикалық даму үкітай
    ерниязов найзағай көңіл скачать, найзағай скачать қаракесек

    my site балабақшада жазғы сауықтыру шараларының есебі

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.