Электронды сот жүйесі

Электронды сот жүйесі

Елбасының сот органдары жұмысында жаңа технологияларды қолдану халықтың сот жүйесіне деген қолжетімділігі мен барынша ашықтыққа қол жеткізуді арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тұрғындар үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдан бастап заманауи технологияларды  сәтті енгізіп, жүзеге асыруда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының екінші бөлімі заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігінде «Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс», деп белгіленген. Жариялылық - іс жүргізу кодекстерінде сот ісін жүргізудің негізгі қағидаты болып бекітілген. Бұл қағидатты талқылау кезінде негізгі назар сот ғимаратына қол жетімдік, іс жүргізудің және сот отырысының ашықтығына бөлінеді. Бүгінде республикадағы барлық сот отырысы залдары аудио-бейнетіркеу жүйесімен 100 пайызға жабдықталды, нәтижесінде судьялардың іс-әрекетіне қатысты шағымдар екі есеге қысқарды. Жалпы алғанда, жаңа технологияларды енгізу сот қорғауына қолжетімділікті жеңілдетті.

 «Сот кабинеті» атты жаңадан енгізілген ақпараттық сервис сот өндірісін жеңілдетіп қана қоймай, сот төрелігіне қолжетімділік, ашықтық пен мөлдірлікті қамтиды. Бұл сервис кез-келген тұлғаның уақытын үнемдей отыра, үйінен немесе кеңседен шықпай, ғаламтор желісі арқылы сотқа талап арыз, өтініш тапсыруға, әрі мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік береді. Электронды сот төрелігінің көпшілікке танымал болуын жыл басынан бері «Сот кабинеті» сервисі арқылы соттарға электронды құжаттардың түсуі жылдан жылға саны өсуде. Электрондық сот өндірісін одан әрі дамытудың бір көрінісі ретінде 2015 жылғы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалардың уәкілетті органдармен электронды түрде жолдануға қатысты жобаның іске асуы танылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының барлық соттарында Электрондық бақылау іс жүргізуін енгізу жөнінде пилоттық жобасы іске асырыл жатыр.Оның негізгі мақсаты-сот істері мен материалдар бойынша сот ісіне қатысушыларына ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі және Әкімшілдік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарының негізінде іс бойынша ақпарат алуда бірыңғай механизм құрау болып табылады.

Қазіргі кезде бұл сот жүйесінің сот төрелігін жүзеге асырудың ашықтығы мен жариялылығын қаматамасыз етудің құралдарының бірі болып табылды. Осылайша, бүгінгі күні, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі енгізіліп, сот ісін жүргізуде қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдер пайдаланылып, ақпараттық технологиялар арқылы Қазақстан халқына көптеген ақпараттық қызметтер көрсетіліп, Республиканың сот жүйесінің тиімділігін, қолжетімділігі және ашықтығын одан әрі арттыруға қажетті жағдайлар жасалды. Қорытындылай келе, жалпы кез-келген азамат бүгінгі күннің оңтайлы жетістіктерін іс жүзінде пайдаланудың тиімділігін білгені жөн деп санаймын.

 

А.С.Сатканбаева

Мұғалжар аудандық сотының жетекші маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.